Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Отандық жұлдыздар жазғы демалысын қайда өткізіп жатыр

Дата: 12 июля 2019 в 09:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Отандық жұлдыздар жазғы демалысын қайда өткізіп жатыр

Жазғы демалыс деген кезде көз алдымызға бірден шетелдегі әсем табиғат пен жайлы қонақүйлерді елестетеміз. Қысы-жазы шетелде бір демалып келетін отандық жұлдыздардың ендігі таңдауы қай елдерге түскенін Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. 

Мадина Сәдуақасова отбасымен ұшу уақыты 24 сағатқа созылған Индонезияның Бали аралын таңдаған. 

«Үнді Мұхитының жағасында түскен фото», — деп жазба қалдырған екен әнші.

Жазғы демалысын шетелде өткізіп жүрген отандық әншілердің бірі Мейрамбек Бесбаев. Соңғы кездері отбасылық суреттері, оның ішінде балаларының суреттерін жиі бөлісіп жүрген Мейрамбек жазғы демалысының көрінісі ретінде балаларының суретін жиі салыпты. 

Сәкен Майғазиевтің де таңдауы түрік елінің Белек қаласына түскен екен. 

«Мейрамбек Бесбаевты көріп қалдым. Қолтаңба сұрасам: «Автограф сәннен қалған, кел суретке түсейік» дейді», — деп әзілдеп жазба қалдырған екен әнші. 

«МузАРТ«-тың тағы бір мүшесі Кенжебек Жанәбілов әріптестерінен бөлек Турцияның Кемер қаласында отбасымен демалып жүр. Кенжебек те өзінен гөрі балаларының суреттерін жиі салып тұрады. 

Түрік елінде демалушылардың қатарын актер Саян Исембаев жалғастырды. Саянның жазбаларына қарап, жазғы демалысын отбасымен өткізіп жүргенін көруге болады. 

Отандық танымал адамдардың ішінде демалыс орнын таңдауда ең ерекше көзге түскені — fashion-дизайнер Сәкен Жақсыбаев. Дизайнер жазғы демалыс орны ретінде Грекияны таңдаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Greek Holidays....

Публикация от ZHSAKEN (@zhsaken) 8 Июл 2019 в 7:48 PDT

Жазғы демалыс орны ретінде журналист әрі актриса Гүлмира Дайрабаева әлемдегі ең ыстық қалалардың бірі Дубайды таңдаған.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Vitamin D is necessary to be healthy..... набираюсь сил впереди учеба ???? , учеба ???? и ещё раз учеба ???? #бирмезгилмитыныгукерекекен#????

Публикация от Gulmira Dairabayeva (@gulmira_dairabaeva) 11 Июл 2019 в 1:55 PDT

Жазғы демалысын өзгеше өткізіп жатқан тағы бір отандық жұлдыз — актриса Аружан Жазылбекова. Ол Канаданың Онтарио қаласында жүр. Сондай-ақ, жақында ғана Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канаданың шекарасымен ағып өтетін Ниагара өзеніне де саяхат жасап, ерекше суреттерін бөліскен.

Еске салайық, бұған дейін Болмановтар отбасының Мысыр елінде жүргенін жазған болатынбыз. Қарақат пен Қыдырәлі әлемнің жеті кереметінің бірі Пирамида көрінісімен оқырмандарымен бөліскен екен. 

«Ассалаумағалейкүм! Бұл азамат — Қазақ! «Жәй ғана» күн ыстық...», — деп отбасымен түскен суретті әзіл жазбамен қалдырған екен.

Туған-туыстарымен Бурабайда демалып жүрген продюсер Гүлзира Айдарбекова қазақтың ұлттық киімін киіп, оқырмандарын тәнті етті. 

Отандық туризмды қолдаушылардың қатарына Алтынай Жорабаева да қосылды. Әнші Бурабайдың әсем табиғатымен және өзінің ерекше суреттерін бөліскен екен. 

Әнші Серік Ибрагимов та жергілікті демалыс орындарын көрсету мақсатында Үлкен Алматы Көлінде демалып қайтқан суреттерін бөліскен. 

Дайындаған: Сымбат Сатыбалдина

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями