Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Түркістан әкімі қаланың жаңа логотипінің жобасын жариялады

Дата: 10 июля 2019 в 22:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Түркістан әкімі қаланың жаңа логотипінің жобасын жариялады

Түркістан әкімі Рашид Аюпов қаланың жаңа логотипінің жобасын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сіздерге Түркістанның жаңа логотипінің жобасын ұсынамын! Біз онда ежелгі және қазіргі заманғы миксті көрсетуге тырыстық. Қала өзінің тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи болуы керек. Логотиптің негізгі сарыны Жібек жолы бойындағы қозғалыс. Таяуда ол қоғамдық тыңдауда, содан кейін мәслихат сессиясында талқыланатын болады», — деп жазды Facebook желісіндегі парақшасында қала әкімі Рашид Аюпов.

Аюповтың айтуынша, егер бұл жоба бекітілсе, жаңа логотип қаладағы көптеген нысандарда пайда болады.


© facebook.com/rashid.ayupov

Еске салайық, Елбасы — Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев былтыр 19 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы жарлық шығарған еді. Назарбаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» заңының 3-бабы 1-бөліміне сай Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болатыны, ал халқының саны миллионға жеткен Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгені туралы жарлығын жариялаған болатын.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями