Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ринат Зайытов қатыспайтын айтыс постерінде суреті неге жүр — Ұйымдастырушылар түсіндірді

Дата: 09 июля 2019 в 14:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ринат Зайытов қатыспайтын айтыс постерінде суреті неге жүр - Ұйымдастырушылар түсіндірді

Ұйымдастырушылар Ринат Зайытов қатыспайтын Алакөлдегі айтыстың постерінде неге оның суреті бар екенін түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, мұның алдында айтыскер ақын Ринат Зайытов Instagram желісінде ШҚО-да өтетін айтысқа шақырту алмағанын және қатыспайтынын, алайда постерінде суреті тұрғанын мәлімдеген.

«Құрметті ағайын, 13 шілдеде өтетін айтысқа шақырту алмағанымды, қатыспайтынымды ресми мәлімдеймін», — деп жазды айтыскер жеке парақшасында.


Ринат Зайытовтың желідегі парақшасынан скриншот. © Tengrinews.kz

Өз кезегінде, Алакөлде өтетін айтысты ұйымдастырушы «Зейнолла Сәнік атындағы қор» директоры Серік Қалиев бұл жағдайды түсіндірді. Оның айтуынша, жарнама постері ерте жасалған, ал кейін бұл айтысқа тек жас айтыскерлерді қатыстыру туралы идея болған.

«Ринат бас жарып, көз шығарған ештеңесі жоқ. Қазақтың мықты айтыскері. Мен оның осы уақытқа дейін қаладым (қатысуын қалағанын айтады — Автор түсіндірмесі) және қатысатыны жөнінде нақты айттым. Жарнама беріліп кетті, бірақ содан кейін, мен жалғыз емеспін, ұйымдастыру алқасы бар, ақылдаса келе жастарды ғана қатыстыруды ұйғардық. Айтысқа жалғыз Ринат емес, Мұхтар Ниязов та қатыспайтын болды. Оны кейін Ринатқа түсіндіріп айттым. Өз басым әйтпесе Ринаттың қатысқанын қолдаймын. Оның талай айтысқа қатысуына мұрындық болғаным бар. Бұл жерде жастар қатыссын деген идеядан кейін барлық айтыскер жас буыннан болды», — деп түсіндірді жағдайды Серік Қалиев.

Сонымен қатар, ұйымдастырушы айтыстың жүлде қоры 1 миллион теңге екенін айтты. 

«Айтыстың жүлде қоры — 1 миллион теңге. Жалпы Алакөлге демалуға келгендерге арнайы осындай сый болсын дедік, бұл жерде айтыс бірінші рет өткелі отыр. Сол жердің тамырына қан жүгіртіп, отандық туризмді дамыту деген ниетіміз ғана бар», — деген пікір білдірген ұйымдастырушы Ринат Зайытовты шығармау туралы қасақана ой болмағанын басып айтты.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями