Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Кәсіпкер көпбалалы отбасыға төрт бөлмелі пәтер сыйлады

Дата: 06 июля 2019 в 09:52


Ақтөбедегі «Center group» құрылыс компаниясының басшысы көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады.

Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Менің Атамекенім» акциясы аясында «Center group» құрылыс компаниясының директоры  Самат Ормағамбетов Хамзиндер отбасына төрт бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Отағасы Қонысбай Хамзин — мердігер компаниялардың бірінде тас қалаушы. Он баласы бар Хамзиндер отбасында жақын күндері тағы да шілдехана тойы күтілуде. Бұған дейін бұл отбасы қаладағы жатақханалардың бірінде тұрды. Құрылыс компаниясының басшысы Қонысбайдың отбасына қолдау көрсетіп, кәсіпорын балансында тұрған жалпы ауданы 130 шаршы метр аумақты қамтитын төрт бөлмелі пәтерді сыйға тартты.

Жаңа пәтерге толықтай жөндеу жүргізілген, тіпті «Альбина-Алина» жиһаз компаниясы тарапынан жаңа жиһаздар сыйға тартылыпты.

— Хамзиндер отбасын қоныстойымен құттықтаймын. Жаңа пәтердің іші қуаныш пен шаттыққа толы болсын. Біз, яғни әлеуметтік-бағдарлы компания ретінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Менің Атамекенім» жобасын қолдауды жөн көрдік. Сондықтан біздің бұл жасаған қадамымымыз өзгелерге үлгі болса дейміз. Бизнестегі әріптестерімді халыққа пайдалы іс жасауда осы жобаны қолдауға шақырамын, — деді кәсіпкер С.Ормағамбетов.

«Center group» компаниясы құрылыс нарығында 16 жылдан бері жұмыс жасайды. Осы уақыт ішінде бұл кәсіпорын 33 тұрғын үй кешенін тұрғызған. Бұл — шамамен 1 000 000 шаршы метр тұрғын жайлар мен коммерциялық нысандар. Компания  «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде де құрылыс жұмыстарын жүзеге асыруды қолға алған. Қазіргі күні «Center group» әлеуметтік-бағдарлы компания ретінде төлем қабілеті төмен азаматтарға баспана алуда жеңілдіктер жасайды.

Жаңа пәтер иелерін облыстық кәсіпкерлік палатасының директоры Анар Даржанова, сондай-ақ компания басшысы мен «Альбина-Алина» жиһаз салонының өкілдері де құттықтады.

Қоныстой иелері жаңа баспана сыйлаған кәсіпкерге алғыс айтты.

                                                                                          Арайлым НҰРБАЕВА.    

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями