Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Оңдасын ОРАЗАЛИН: «Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетпеген  мекемелер жауапқа тартылады»

Дата: 04 июля 2019 в 12:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Оңдасын ОРАЗАЛИН: «Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетпеген  мекемелер жауапқа тартылады»

2 шілде, сейсенбі күні   облыс әкімі  Оңдасын Оразалинның төрағалығымен  мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті  отырысы өтті.

Комиссия  жұмысының қорытындылары  бойынша ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова  баяндама жасады.

Оның  баяндауынша, биылғы жылдың сәуір, маусым айларында  комиссия мүшелері Ойыл, Әйтеке би, Алға аудандары мен Ақтөбе қаласындағы  мемлекеттік мекемелерде  мемлекеттік  рәміздердің  қолданылуына мониторинг жүргізген. 150 мемлекеттік органдар тексерілді. Нәтижесінде мемлекеттік тудың жыртылуы,  рәміздердің орналасу тәртібінің сақталмауы, стандартқа сай келмейтін  мемлекеттік рәміздерді ауыстыру және жою бойынша комиссия құрылмағандығы, рәміздерді жою актілері мен  оларды тіркеу журналдарының болмауы сияқты 30-ға жуық  кемшіліктер анықталды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин  аталған кемшіліктер бойынша аудан,  қала  басшыларына  қатаң ескерту беріп, мемлекеттік рәміздерді заң талабына сәйкес  қалыпқа келтіруді тапсырды.

–Халқымыздың бірлігі мен патриоттық сезімін білдіруде рәміздердің орны ерекше. Сондықтан оның мән-маңызын насихаттау мен қолданылуын реттеп отыру –баршамыздың ортақ міндетіміз. Аталған олқылықтардың орнын тез арада ретке  келтіріңдер, –деді өңір басшысы.

Айта кету керек,  қазіргі уақытта облыс аумағында 4 мыңнан астам Мемлекеттік Елтаңба орналастырылған. Алты ай ішінде ауыстырылған елтаңбалар саны – 686.

Ақтөбе облысы әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия  талапты сақтамағандарға 126 мың 250 теңге көлемінде  айыппұл салуға құқылы. Дегенмен, осы кезге дейін  бірде-бір мекемеге айыппұл салынбаған.

-– Мемлекеттік рәміздерге қатысты салғырттыққа жол бергендер  тиісті жазасын алуы  тиіс. Ең алдымен,  мемлекеттік қызметшілер  мемлекеттік рәміздерді  талапқа сай қолдана білуді  өздерінен бастаған жөн,-–деді Оңдасын Оразалин.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями