Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Димаштың жанкүйерлері баспасөз үйіне келді

Дата: 04 июля 2019 в 12:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Димаштың жанкүйерлері баспасөз үйіне келді

29 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен Димаш Құдайбергеннің «Арнау» атты концертіне арнайы келген бір топ жанкүйері сейсенбі күні Ақтөбеге келді. Германия мен Словакия елінен келген азаматшалар екі күн бойы Ақтөбенің көрікті жерлерін аралап, қала тарихымен етене танысты.

Алдымен ат басын Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясына бұрған Димаштың фанаттары бұл жерде оның ұстазы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімовпен кездесіп, әлем мойындаған Димаштай шәкірт тәрбиелегені үшін өз алғыстарын білдірді.

Бұдан соң әншінің тыңдармандары Баспасөз үйінде болып, «Ақтөбе Медиа» ЖШС-нің ұжымымен кездесті.

Димаштың 49 жастағы Аня Берсесімді тыңдарманы Германиядан келіпті. Бір жылдан бері Германиядағы Димаштың фан клубының мүшесі. Бүгінгі таңда өз алдына бөлек «Димаш Құдайбергеннің мәдени орталығы» атты жанкүйерлер клубын ашып, онда қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін насихаттау бағытында жұмыс жасап жүр.

Бүгінгі күнге дейін әншінің Лондондағы, Мәскеудегі концертіне барған Аня ханым, Бұрын тапқан ақшамызға киім-кешек сатып алсақ, қазір қаражатымыздың барлығын Димаштың концертіне бару үшін жинаймыз», — дейді.

— Осы уақытқа дейін бұлай сүйіп тыңдаған әншім болған емес. Мен Қазақстанға Димаштың концертіне кетіп бара жатқанда бірқатар таныстарым: «25 жастағы жігіттің концертіне бола Қазақстанға бара жатырмысың?» деп таңданған болатын. Мен оларға: «Жоқ. Мен әлемнің ең үздік әншісінің концертіне бара жатырмын» деп жауап бердім. Димаш мен үшін жай ғана әнші емес, ол менің — дәрім. Димаштың әнін тыңдағанға дейін менің бойымда психикалық тұрғыда үлкен үрей болатын. Сыртқа шығуға, көлік жүргізіп, ұшаққа мінуге қорқатын едім. Ал Димаштың әні, оның даусы менің өмірімді өзгертті. Мен өмірге қайта келдім, — дейді Аня. Айтуынша, Аняның жолдасы музыкант екен. Кез келгенді мойындай бермейтін Берс ханымның жолдасы Димаштың даусына деген өз таңдасынкелесідей жеткізіпті.

— Өзім кәсіби музыкант емеспін. Ал жолдасымның музыкадан хабары бар. Ол Димаштың даусын алғаш тыңдағанда: «Бұл — ғарыштан келген дауыс. Өйткені жер бетінде бұндай дауыс болуы мүмкін емес» деген болатын. Ол кісі де Димашты сүйіп тыңдайды. Әлемге Димаштай ұл сыйлаған қазақ халқына мың алғыс! — деп қайырды сөзін германиялық Аня Берс.

Ал Димаштың концертіне қатысып, туған жерін көру үшін Словакиядан арнайы келген Любица Палфиова Димаштың әні мен даусы өмірін түбегейлі өзгерткенін айтты.

— Бұрын өмірім тек жұмыс пен үйдің арасында ғана, күйбең тіршілікпен өтіп жатты. Димашты танып, оның әндерін естіген соң, өмірім түбегейлі өзгерді. Осындай дауыс, осындай таланттың жер бетінде болатындығына көз жеткіздім. 16 жастағы ұл-қызым бар. Оларға да Димаштың әнін тыңдауға талап қойдым. Бастапқы кезде олар маған біртүрлі көзқараспен қарайтын. Кейін олар да Димаштың жанкүйерлеріне айналды, — дейді Любица.

Ал 66 жастағы Германия тұрғыны Йотта Лош ұялы телефонына Димаштың барлық әндерін жазып алған. Ол мұңайған, қатты қуанған шақтарында әншінің әндерін тыңдай отырып, өзіне рухани азық алатындығын айтты.

Кездесу соңында «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин Димаштың ақтөбеліктердің көз алдында өскенін, оның жеткен жетістіктерінің ең алғаш облыстық телеарна мен басылымдарда жарық көргендігін айта келе, бүгінде әлем әншісіне айналған асыл ұлдың өнерін бағалап, туған жеріне арнайы келген жанкүйерлеріне ризашылығын білдірді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями