Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Жатақханалар мәселесі қалай шешіледі?

Дата: 27 июня 2019 в 13:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жатақханалар мәселесі қалай шешіледі?

Студент

Ақтөбедегі 16 оқу орнында білім алатын 2 960 студент жатақханаға зәру болып отыр. Соған сәйкес, облыста 2022 жылдың соңына дейін 2960 орынға арналған 9 жатақхана салынуы тиіс.   

Елбасының бес әлеуметтік бастамасында «жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» мәселесі көтерілген болатын. Онда жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салу жұмыстарын бастау қажеттігі, 2022 жылдың соңына дейін еліміз бойынша 75 мың орындық жаңа жатақхана салынуы тиіс екендігі айтылды.

Ақтөбеде екі жоғары оқу орны үшін мың орындық, 14 колледж үшін 1 960 орындық жатақхана салу жоспарланып отыр.

Осыған байланысты сегіз жер учаскесі белгіленген. Бес нысан бойынша типтік жобалар пайдаланылады, 1 нысан бойынша жобалау-сметалық құжат дайындалып жатыр, қалған нысандар бойынша әзірге құжат жоқ. Нысандар пайдаланылуға берілгеннен кейін студенттер, магистранттар мен докторанттар жатақханаға мемлекеттік тапсырыс негізінде орналастырылады.

Бұл механизмді «Қаржы орталығы» АҚ жүзеге асырмақ. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде жатақхана құрылысын жүргізу кезінде 8 жыл бойы әр жыл сайын әр орынға 122 айлық есептік көрсеткіш, ал ғимараттарды реконструкциялау кезінде 47 АЕК төленеді.

Аталған қоғам «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп облыстағы кәсіпкерлерге ақпарат беру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл шараға қонақүй кешендерінің, хостелдердің басшылары мен басқа да мүдделі кәсіпкерлер, білім басқармасы,  «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы,  «Даму» қорының аймақтық филиалы өкілдері қатысты. Шара барысында кәсіпкерлерге бес әлеуметтік бастамада көрсетілген механизм шеңберінде жатақхана салу ісіне қатысу ұсынылды.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями