Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

 «Қауылжыр» жеңіспен оралды

Дата: 18 июня 2019 в 10:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


 «Қауылжыр» жеңіспен оралды

Ақмола облысы Шучинск қаласында «Балдәурен» сауықтыру-демалыс орнында «ФЭСТ Қазақстан» компаниясының ұйымдастыруымен республикалық мектепішілік спартакиадасы өтті. Мұнда оқушылар спорттың 6 түрінен сайысты.

Жарысқа 14 облыс және Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларынан барлығы 17 команда қатысты. Біздің Шалқар ауданы Қауылжыр ауылдық округінен жасақталған «Қауылжыр» оқушылар құрамасы спорттың футзал түрінен бақтарын сынаған болатын. Ауылдық округ құрамасы әуелі облыстан жеңімпаз атанып, республикалық жарысқа жолдама алған болатын. Бұл жарыста да бағы жанып, бас жүлдеге ие болды. Құраманың бас бапкері — ГКС-12 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Есмұхан, құрама сапында С.Мұхит, С.Майтан, З.Иманқұл, Н.Қармыс, Б.Қалыбек, Т.Әлібек, Е.Әзімжан және Н.Өтемісов секілді оқушылар бар.

Жеңімпаздарды Қайдауыл стансасынан ауыл тұрғындары зор қуанышпен қарсы алып, құттықтау ауылдық округ әкімшілігі алаңында жалғасын тапты. Ауыл әкімі Т.Балымов бастаған ауыл азаматтары жеңімпаз команданы құттықтап, оқушыларға сыйлықтар табыстады. Жиын соңы ауыл өнерпаздарының концертіне ұласты.

                                                                                                                                              Қуаныш Төлегенов,

Қауылжыр ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.

Шалқар ауданы.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями