Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Отбасыммен қауыштым». Қазақ әйелінің Қытайдан келгендегі хикаясы

Дата: 11 июня 2019 в 20:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


\"Отбасыммен қауыштым\". Қазақ әйелінің Қытайдан келгендегі хикаясы

Өзге елдерден келіп жатқан қандастарымыздың азаматтық алуы немесе бір отбасы мүшелерінің бір-бірінен ажырап қалуы осы күндері жиі талқыланып жүр. Бүгін 7 арнадағы «Өз ойым» бағдарламасында «Отанға оралып опа тапты ма?» тақырыбы талқыланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бағдарламаның өткен шығарылымдарында Әділхан Қалибек есімді азамат Қытайдан елге оралғанын, алайда әңгіме барысында оның жұбайы Қытайда қалып қойғанын, сондай-ақ онымен байланыс орната алмай жатқанын айтқан. Ал бүгінгі шығарылым барысында Әділжан Қалибек әйелін Қытайдан алдырған. Ұзақ әрі тыңбай еңбектеніп, құзырлы мекемелерге хат жолдап, нәтижеге қол жеткізген Әділжан жұмыстың барысын тікелей эфир барысында толығырақ айтты.  

«Отбасым бөлініп қалғаннан кейін, заңды құқықтық мүддемді қорғау тұрғысынан кірістім. Сол кезде Қытай саясаты бірден көшіп келуге мүмкіндік бермеді. Басында мен анам және екі баламмен келдім. Алдымен өзімнің азаматтығымды қабылдау жұмыстарын ыңғайладым. Азаматтығым қабылданып болғаннан кейін, Қытайдағы тұрақты тіркеуімді жойғыздым. Қытай консулдығына барып паспортымның күшін жойғыздым, сосын барып қана толыққанды Қазақстан азаматтығына қол жеткіздім. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту орталығына барып, отбасын біріктіру үшін заңды шақырту жасаттым. Оны Сыртқы істер министрлігі арқылы заңдастырып, Қытай консулдығына апарып, растауын талап еттім. Осылайша заңды шақыртуды жолдасыма жібердім. Сосын барып қана, құзырлы органдар арқылы шығып, алдымен «Нұр Отанға», сосын Президент әкімшілігіне хат жолдадым, СІМ дипломатиялық бөліміне арыз-хат жолдадым», — дейді Әділхан Қалибек.

Әділжан Қалибектің жары Гүлзира қазіргі уақытта отбасымен қауышып, бақытты өмір сүріп жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол Қазақстанға келуіне жәрдемдескен барлық ұйым мен тұлғаларға алғыс білдірді. 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысы бойынша филиалының басшысы «Отандастар» АҚ ақпарат бөлімінде істейтін Әлхан Амантай Қытайдағы қазақтардың жағдайы жайлы өз ойын білдірді. Қандастарымызға байланысты шешілмеген мәселелер көп екенін айтады. Дәл осы мәселе бойынша күніне жүздеген адам хабарласатынын да жасырмады. 

«Бұл мәселені біз тікелей шеше алмаймыз. Шешу жолдарында көмектесеміз, әкімшіліктерге хабарласып, жеке адамдардың мәселесін шешіп жатырмыз. Шешіліп те жатыр. Ал енді бұл жеке адамдар емес қой. Келген қандастарымызға қатысты мәселе болғандықтан, бұл мемлекеттік деңгейде шешілуі керек. Бейімдеу орталықтары деген бар, тіркеуге тұрады, бірақ ол жеткіліксіз. Оралмандарды тіркеуге қоятын әкімшілік ғимараттарының сыртында тіркеу орындары бар», — дейді Әлхан Амантай. 

Айта кетейік, «Өз ойым» бағдарламасы 2019 жылы 21 қаңтардан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-бейсенбі аралығында көрсетілетін болды. Түрлі әлеуметтік тақырыптарды қозғайтын бұл ток-шоу әлі талай қызықтарға толы.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями