Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Қазақстандықтар желіде Абай өлеңдерін оқу флешмобын бастады

Дата: 11 июня 2019 в 16:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстандықтар желіде Абай өлеңдерін оқу флешмобын бастады

Instagram және Facebook желілерінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу науқаны басталды. Бұл challenge-ді желі қолданушылары таратып жатыр. Challenge #abai175 хештегімен белгіленген. Қазіргі уақытта Instagram желісінде бұл науқан бойынша 160-тан аса жарияланым бар.  

Бұл challenge-ді бастаған Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Шынар Шәкенова Tengrinews.kz тілшісіне науқан жайлы айтып берді. Ол таратуға мүмкіндік беретін ресурс ретінде осы әлеуметтік желіні пайдалануды ұйғарыпты. Оның айтуынша, challenge-дің көбі осы әлеуметтік желі арқылы кең таралады. 

«Абай қазақ руханиятының басты тұлғасы. Оның шығармасы қазақ жерінде жылдан жылға мұра болып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп қана қоймай, әлем тілдеріне аударылып, ғаламға тарады. Осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы Абайдың 175 жылдығын бүкіл республика бойынша атап өту туралы қаулыға қол қойды. Бұл қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық. Себебі, Абай әр қазақтың сүйікті ақыны. Ол менің де сүйікті ақыным. Ұлы тұлғаның өлеңдері мен шығармаларын білмейтін қазақ жоқ шығар. Әрқайсыңыз Абайдың кем дегенде бір өлеңін жатқа білесіздер. Сондықтан, Абайды дәріптеп, шығарамасынан бір үзінді оқитын challenge бастаймын. Кім менімен бірге? #Abai175», — деп жазған Шынар Шәкенова желі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Абай қазақтың руханиятының басты тұлғасы. Оның шығармасы қазақ жерінде жылдан жылға мұра болып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп қана қоймай, әлем тілдеріне аударылып, ғаламға тарады. Кеше Президент Қ. Тоқаев ұлы Абайдың 175 жылдығын бүткіл республика бойынша атап өту туралы қаулыға қол қойды. Бұл қазақстандықтар үшін жақсы жаңалық. Себебі, Абай әр қазақтың сүйікті ақыны. Ол менің де сүйікті ақыным. Ұлы тұлғаның өлеңдері мен шығармаларын білмейтін қазақ жоқ шығар. Әрқайсыларыңыз кем дегенде Абайдың бір өлеңін жатқа білесіздер. Сондықтан, Абайды дәріптеп, шығарамасынан бір үзінді оқитын, challenge бастаймын. Кім менімен бірге? @guldana_talgatkyzy @zhanareldoskyzy @jadyra_jumakulbay @aigul_nurkeyeva @bauyrzhankaziyev @mira_moldakhmetova #Абай #ABAI175 #Abai175 #abaı175

Публикация от Shynar Shaken (@shakenshynar) 31 Май 2019 в 5:28 PDT

Қазіргі уақытта challenge-ді жалғастырушылар күннен-күнге артып келеді. Олардың ішінде оқушылар, түрлі қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері және танымал адамдар да бар. Астана Опера театрының жетекші әншісі Сүндет Байғожин де бұл науқанға қатысып, Абайдың «Көзімнің қарасын» айтып берді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

#abai175

Публикация от Сундет Байгожин (@sundetbaigozhin) 25 Май 2019 в 1:41 PDT

Challenge-ге атсалысқан кейбір желі қолданушылары Абайдың өлеңдерін басқа да стильде айтып берген. Мысалы «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін Sam Myrza атты музыкант жаңа форматта орындаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

???? Интересно наблюдать, как одно из самых знаменитых стихотворений Абая обрело новое звучание. Креативно! #Abai175 Автор трека Sam Myrza

Публикация от Baursak Production (@productionbaursak) 6 Июн 2019 в 11:38 PDT

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Абай Ертiс жағасында болып қайтты ???? ⠀ #Abai175

Публикация от ???????????????????? ???????????????????????????? (@ertisaqparat) 4 Июн 2019 в 3:28 PDT

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы заңға қол қойған. Оның алдында Президент 2019 жылғы 1 қазанға дейін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспарды бекітуді тапсырған еді.

«Біз тарихтан үлгі алатын және ұлы ата-бабаларымызға құрмет көрсететін халықпыз. Абайдың отаны әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді қарсы алуға лайықты ірі орталыққа айналуы тиіс. Бұл біздің ата-бабаларымыз алдындағы борышымыз және өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі», — деді Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына барған кезде.

Айта кетейік, Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясы бірлесіп «Оқуға құштар ұлт» атты жаңа арнайы жобасын бастаған еді. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле — және радиобағдарламалар шығады. «Оқуға құштар ұлт» жобасының негізгі мақсаты — қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру.

«Оқуға құштар ұлт» арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірге «Талантты балалар», «Жеңімпаздар», «Батырлар арамызда» жобалары қолға алынған.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями