Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Қайрат Нұртас митинг кезінде ұсталғандарды босатуды сұрады

Дата: 11 июня 2019 в 15:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қайрат Нұртас митинг кезінде ұсталғандарды босатуды сұрады

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас 11 маусымға қараған түні болған митингіге шыққандарды босатуды сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші соңғы болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарап отыра алмайтынын және жүрегі ауырғанын айтады.

«Иә, мен әншімін. Бұл менің бала-шағамды асырап отырған жұмысым. Осы уақытқа дейін ешкімнің жағына шыққан адам емеспін, себебі xалықтың тыныштығы мен үшін ең маңыздысы. Алайда соңғы жаңалықтарға байланысты айтарым, xалқымның қаны төгілсе қарап қалмаймын. Өйткені мені көтерген xалық! Елімде болып жатқан жайттарға жүрегім ауырғаннан, бей-жай қарап, үнсіз отыра алмаймын. Бірақ 1986 жылғы оқиғаның, қазағымның қаны төгілгенін де қаламаймын. Құдай сабыр берсін!», — дейді ол.

Бұдан кейін ол билікке халықтың мұң-мұқтажын еститін кез келгенін, сондықтан полиция ұстап әкеткен қазақстандықтарды босатуды сұрады.

«Биліктегілерге xалықтың мұң-мұқтажын еститін кез келді. ҚР Конституциясына сәйкес мемлекеттің ең бірінші байлығы ол — ХАЛЫҚ. Халыққа қарсы шығу ол Аллаға қарсы шығумен тең. Осы орайда үкіметтен барлық жан айқайын жеткізіп қамалған бауырларымды, халықты босатуыңызды сұраймын! Бұл дүниеде барлық нәрсе Алланың қалауымен болатынында естен шығармағанымыз абзал! Алланың өз есебі бар шығар... Бүлік шыққан мемлекеттердің де оңғанын көрмедім. «Ашу дұшпан, ақыл дос» демекші, барлығына басқаша қарайық. Құдай қайырын берсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Мен Сіздерді жақсы көремін», — деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Ия мен әншімін. Бұл менің бала-шағамды асырап отырған жұмысым. Осы уақытқа дейін ешкімнің жағына шыққан адам емеспін, себебі xалықтың тыныштығы мен үшін ең маңыздысы. Алайда соңғы жаңалықтарға байланысты айтарым, xалқымның қаны төгілсе қарап қалмаймын. Өйткені мені көтерген xалық! Елімде болып жатқан жайттарға жүрегім ауырғаннан, бей-жай қарап, үнсіз отыра алмаймын. Бірақ 1986 жылғы оқиғаның, қазағымның қаны төгілгенін де қаламаймын. Құдай сабыр берсін! Биліктегілерге xалықтың мұң-мұқтажын еститін кез келді. ҚР Конституциясына сәйкес мемлекеттің ең бірінші байлығы ол -ХАЛЫҚ. Халыққа қарсы шығу ол Аллаға қарсы шығумен тең. Осы орайда ҮКІМЕТТЕН БАРЛЫҚ ЖАН АЙҚАЙЫН ЖЕТКІЗІП ҚАМАЛҒАН БАУЫРЛАРЫМДЫ, ХАЛЫҚТЫ БОСАТУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМЫН! Бұл дүниеде барлық нәрсе Алланың қалауымен болатынында естен шығармағанымыз абзал! Алланың өз есебі бар шығар... Бүлік шыққан мемлекеттердің де оңғанын көрмедім. «Ашу дұшпан, ақыл дос» демекші, барлығына басқаша қарайық. Құдай қайырын берсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Мен Сіздерді жақсы көрем❤️????! Сүйдім✊️!

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n) 10 Июн 2019 в 11:41 PDT

Еске салайық, кеше, 10 маусымда «Астана Арена» маңындағы алаңда құқық қорғау органдары жиналған адамдарды ұстаған. Полицияға жеткізілгендердің саны белгісіз. Кейін олардың ішінде танымал айтыскер Ринат Зайытовтың болғаны анықталды. Кейін ол босатылған. Артынша ол алматылықтарды сабырға шақырып, үйге тарауын сұрап, видео жариялаған. Бұдан кейін Алматыдағы Полиция департаментінің ғимараты алдында адамдар жиналып, оны босатуды талап еткен. Оқиға орнына Зайытов келіп, халықты тағы да сабырға шақырған. Алайда жиналған жүздеген адам Төле би көшесінің бойымен жүріп, көшеде кептеліс пайда болған. Артынша полицейлер тағы да ұстау шараларын жүргізген.

Айта кетейік, митинг кезінде Tengrinews.kz тілшісі жарақат алған. Кейін бұл дерек бойынша Алматы полициясы қызметтік тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Мұның алдында Tengrinews.kz тілшісі 9 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өткен митинг кезінде полицияға 500-ге жуық адамның жеткізілгенін хабарлаған. Тоқаев Ақордадағы баспасөз мәслихатында сайлау қарсаңында құқық қорғау органдарына барынша ұстамды болуға тапсырма бергенін мәлімдеген.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями