Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Антарктиканы сақтап қалған, аквалангты ойлап тапқан — Жак-Ив Кусто

Дата: 10 июня 2019 в 14:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Антарктиканы сақтап қалған, аквалангты ойлап тапқан - Жак-Ив Кусто

Ертең әлем мұхитын зерттеуші, өнертапқыш Жак-Ив Кустоның туған күні. Ол 1910 жылы 11 маусымда дүниеге келген. Кустоны көк құрлықтың зерттелуіне жол ашқан адам деп те атайды. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі тағы бір атқа ие Капитан Кустоның өмірі мен еңбек жолын баяндайды. 

Жол-көлік апаты оны зерттеуші қылды

Мұхит зерттеушісі Францияның Бордо қаласында заңгерлердің отбасында дүниеге келген. Ол жастайынан жанұясымен көп саяхаттаған. Оған қоса дүниеге келген жерінде Дордонь өзені болған. Бұл оның теңізге деген жақын болуына ықпал еткен. Бірақ кейін 1921 жылы соғыс кезінде болашақ зерттеушінің әкесі жұмыс сапарымен Нью-Йоркке аттанады. Кусто да отбасымен бірге сол жаққа аттанған. Олар осылайша Еуропадағы соғыс нәубетінен аман қалған. Осыдан кейін Кусто 1930 жылы Франциядағы Брест қаласында теңіз мектебін тәмамдаған. Болашақ зерттеуші әскери-теңіз академиясына оқуға түскен. Бірақ ол әскери-теңіз флоты авиациясына оқуға түсіп, ұшқыш болғысы келген. Бұл арманын Кусто орындай алмаған. Себебі 1936 жылы ол жол-көлік апатына ұшырап, жарақат салдарынан бұл арманымен қош айтысуға мәжбүр болған.

Жол-көлік оқиғасы оның өмірінің күрт өзгеруіне себеп болады. Ол алған жарақаттарын емдеу үшін Францияның «Сюфрен» әскери кемесінде нұсқаушы болып жұмыс істейді. Оңалу үшін ол күнделікті Тулон портында жүзе бастайды. Кейін ол су астында жүзуге арналған көзілдірік алады. Осы сәттен бастап жас ғалым қалған өмірін су астын, мұхиттың түбін зерттеуге арнайды. 


© Ocean Treasures Memory Library

Су астында түсірілген алғашқы деректі фильмнің авторы

Су түбін зерттеу мақсатында Кусто су астында жүзуге арналған киімдерге зерттеу жасай бастады. Сөйтіп 1943 жылы 33 жастағы Кусто инженер Эмиль Ганьянмен қосылып акваланг ойлап табады. Бұл тек мұхиттарды зерттеудің бастауы болады. Олар жасаған акваланг суға 90 метр тереңдікке дейін түсуге мүмкіндік беретін. Сонымен қатар зерттеуші аквалангтен бөлек су асты түсіріліміне арналған камера мен жарықтар жасаған. Оған су асты телевизиялық жүйе жасап шығарған. 1950 жылы мұхит зерттеушісі «Калипсо» мина сүзетін кемесін алып, оны өзгертеді.

Ол үшін зерттеуші бүкіл жиған-тергенін осы кемеге жұмсаған екен. Дәл осы құрылғы теңіздің терең жеріне дейін барып, археологиялық зерттеу жасап, оған қоса сурет түсірген. Ол ең алғашқы осы кемемен 1951 жылы рет Қызыл теңізді зерттеген. Кейіннен Кусто экспедицияларын 1955 жылға дейін жалғастырады. Зерттеуші 4 жылғы теңіз асты зерттеулерін «үн-түнсіз тыныштық әлемінде» атты деректі фильмінде көрсетеді. Бұл су астында түскен алғашқы деректі фильм еді. 

Кусто өзінің тобымен алғашқы зерттеулерінің бірі ретінде Фарасан топаралында бастаған. Онда ол басқа да зерттеушілермен маржан рифтерін зерттеген. Одан кейін сүңгігіштер жерорта теңізіне барған. Кусто командасымен 75 метр тереңдікке сүңгіген. Ол кезде бұл тереңдік рекордт болып саналған. Деректі фильмде Кусто өз көргенін былай сипаттаған:

«Мұнда уақыт оздыруға болмайды. Естен танып қалуымыз мүмкін. Ары қарай жалғастырсақ қатерлі болуы мүмкін». 

Кусто кораллдарды, жинап оларды зерттеген. Бірақ оларды жинау әдісін естіген табиғат қорғаушылары зерттеушіні сынға алған. Кейін бұл үшін Кусто өкінгенін мәлімдеген. Кораллды ұстау үшін Кусто бастаған зерттеушілер жарылғыш заттарды қолданған.

Антарктиканы сақтап қалған адам

Жак-Ив Кусто әлемнің таңғажайып және адам баласының аяғы баспаған жерлерді зерттегісі келген. Ол Амазонка өзенін зерттеуі үшін екі жыл жұмсаған. Яғни 1982-1984 жыл аралығы. Кейін зерттеушілер Амазонка жайлы деректі фильм түсіріп, мақалалар жазған. Кусто «Калипсо» кемесінен басқа бұл зерттеуде тікұшақ және басқа да көлік құралдарын қолданған.

Зерттеушілер Амазонканың экожүйесі және оған төніп тұрған экологиялық, браконьерлік қауіптерді анықтаған. Кусто Үлкен кедергі рифінен бөлек, Антарктидаға да барған. Зерттеу 1972-1973 жылдары болған. Кусто Антарктиданың әдемілігіне таңғалған. Ол бұл жердің әлемнің климаттық жүйесінде атқаратын рөлі зор екенін айтып, бұл туралы деректі фильм түсірген. 

Антарктидадағы пайдалы қазба жұмыстарын жүргізу туралы жоспар құрылып жатқанда, өнертапқыш тағы мұзды жерге барады. Ол 11-12 жастағы бірнеше баланы қасына алып, әлемге жас ұрпақтың да бұл құрлықтың маңызы зор екенін көрсеткісі келген. Бұл оқиға бүкіл әлем жұрты қарап отырды. Сөйтіп Кустоның арқасында Антарктиканының пайдалы қазбаларына 50 жыл тиіспеу туралы шартқа бірнеше мемлекет қол қояды.

Жак-Ив Кусто сонымен қатар Мадагаскарды зерттеген. Сондай-ақ мұхитта өмір сүретін түрлі жануарларды өмір сүруін де зерттеген ғалым. Ол түсірген «Үн-түнсіз тыныштық әлемінде» атты деректі фильмі үшін Оскарды жеңіп алған. Ал кейбір мұхит зерттеуінде ол батып кеткен кемелерді тапқан. Зерттеушінің атымен Плутон ғаламшарында ойық бар. Ол өмірінің соңын сүйікті ісіне арнаған. «Калипсо» кемесімен тағы бірнеше зерттеулерге шығуды жоспарлаған. Бірақ ол бұл жоспарларын орындай алмады.

Атақты мұхит зерттеуші, өнертапқыш, режиссер көптеген фильмдер мен мақалалардың авторы 1997 жылы Парижде 87 жасында инфаркттан қайтыс болған.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями