Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Электрсамокатшылар қандай жол ережелерін жиі бұзады

Дата: 07 июня 2019 в 14:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Электрсамокатшылар қандай жол ережелерін жиі бұзады

Бүгінде қала жолдарында электр қозғалтқышы бар самокатпен жүретіндер көп. Осыдан екі жыл бұрын заңда нақты ережесі болмағандықтан, бұл көлік түрін жүргізетіндер жол қоғалысының қатысушысы ретінде қарастырылмаса, енді оның өз міндеттері мен жауапкершіліктері бар. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ирина Лукьянина Tengrinews.kz тілшісіне электросамокатшылардың қандай ережемен жүруі керек екенін түсіндіріп берді.

Оның сөзінше, электрсамокатшыларға трамвай қозғалысы бар жолдарда және бағыттас тағы бір жолағы бар кезде солға бұрылуға немесе артқа айналуға болмайды. Бұл көлікпен велосипед немесе мопед тартып жүруге және ең болмғанда бір қолмен тізгінді ұстамай жүруге де тыйым бар. Бұл қазақстандық электсамокатшыларының ең жиі бұзатын ережелері екен.

16 жастан асқандар ғана жүргізуі тиіс

Оның айтуынша, нақты бұл көлік түріне арналған жеке-дара ереже жоқ, алайда бұл көлік түрін жүргізетіндер ҚР Жол жүрісі туралы заңы бойынша толыққанды жүргізуші ретінде міндеттер мен жауапкершіліктері болады. 

Электрсамокаттар техникалық сипаттамасымен мопедке теңеледі екен. 

«Жол жүрісі туралы заң» бойынша мопед — цилиндр көлемі 50 шаршы сантиметрден аспайтын қозғалтқышы бар немесе бар жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын электр қозғалтқышы бар екі немесе үш дөңгелекті көлік құралы. Мопедке аспалы қозғалтқышы бар велосипед, мокик, скутер және тағы да басқа осындай сипаты бар көлік құралдары теңеледі», — дейді маман.

Яғни біз айтып отырған электрсамокат заңда мопед ретінде қарастырылады да, оны басқарушы жүргізуші куәлігі болмаса да толыққанды жол қозғалысына қатысушы ретінде жауапкершілік арқалайды. Сондықтан, жол қозғалысы ережесі бойынша, электрсамокат жүргізетіндердің жасы 16-дан асуы тиіс.

Электрсамокатшы қандай жолмен жүруі тиіс?

Электрсамокатшылар велосипедке арналған жолмен жүре алады, арнайы жол жоқ болса, жол бөлігінің оң жақ қапталымен жүруі тиіс. Ал қоғамдық көлік жолағы болса, онымен бір қатарда жүруге құқы бар. Бірақ велосипед жолағы бар көшеде самокатшыларға жол бөлігіне шығуға рұқсат берілмейді. 

Ал жаяу жүргінші жолында электрсамокатшыларға жүруге болмайды екен. Онымен бірге, скутер, мопед, велосипедтермен де жаяу жүргінші жолымен қозғалуға тыйым салынғанын айта кетейік. 

Жолаушы мен жүк тасымалдауға бола ма?

Электрсамокатпен оның ені немесе ұзындығы бойынша 50 сантиметрден асып тұратын жағдайда жолаушыны немесе жүкті тасымалдауға рұқсат берілмейді. Сондай-ақ, жалпы көлік түрін жүргізуге кедергі жасайтын жүкті алып жүруге тыйым салынған. 

Қанша айыппұл арқалайды?

Бұл жол қозғалысы ережелерін орындамаған электрсамокатшыларға 2 АЕК көлемінде, яғни 5 050 теңге (2019) айыппұл салынады. Ал егер бұл ережебұзудан біреу-міреу зардап шексе, онда айыппұл сомасы 25 250 теңгеге дейін өсіп кетуі мүмкін, яғни 10 АЕК.

Сондай-ақ, Лукьянина бұл ережебұзудың қылмыстық құқықбұзушылыққа немесе материалдық шығын келтірген жағдай болып есептелмейтінін айтып отыр. Электрсамокатшыларға арнайы экипировка кию туралы нақты талап жоқ екен.

Оқи отырыңыз:

Электрсамокатқа неге көштім? Қала тұрғындарының пікірі

Қазақстандықтар велосипедке қашан ауысады — Голландия мен Данияның үлгісі

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями