Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Нью-Йорк қалай «әлем астанасына» айналды — Маркетингтің озық үлгілері

Дата: 05 июня 2019 в 12:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Нью-Йорк қалай

1664 жылы Жаңа Амстердам қаласының аты — Нью-Йорк болып өзгерген. Қазіргі уақытта Нью-Йоркті Американың айнасы, бейнесі деп сипаттайды. Бұл қалада 8 миллионнан астам халық тұрады. Сонымен қатар 15-тен аса ұлт өкілдері бұл жерде мекендейді. Америкаға заң жүзінде келетіндердің көбі Нью-Йоркте тоқтайды екен. Көптеген басылым Нью-Йоркті «әлем астанасы» деп атаған. Аттас штаттың құрамында Олбани, Буффало, Рочестер, Сиракьюс қалалары бар.

Tengrinews.kz тілшісі әлем астанасы болып саналатын Нью-Йорк қаласының қалай танымал болғанын анықтап көрді. Нью-Йорк тек қана атауымен емес, ғасырлдар бойы сақталған және салынып жатқан көрнекі нысандарымен танымал. 

Негізі Нью-Йорктің тағы бір атауы «Үлкен алма қаласы». Бұл атау 1920 жылдан бастап қолданысқа енген. 1930 жылдары осы атпен ән мен би пайда болған. Ал 1970 жылдары Нью-Йорктің туризм бюросы осы атаумен жарнама науқанын ұйымдастырған. Негізі Нью-Йорктің жарнамасына Фицджеральд, Ремарк сынды америкалық жазушылармен қатар шетелдік жазушылар да атсалысқан. Олар өз шығармаларында бұл қаланы сипаттаған. Орыс жазушыларынан Горькийдің де бұл қала туралы жазбасы бар. Сонымен қатар, қалаға арналған танымал музыкалар да шаһардың атын шығаурға зор әсерін тигізген. Атақты америкалық әнші Фрэнк Синатраның «New York, New York» әні оған дәлел.


©ulichnyjstil.com

Сондай-ақ 1997 жылы көше киімін жасау мақсатында New York компаниясы өз брендін жасап шығарған. Компания New York жазуымен белгіленген жеңіл жейде мен бас киімдерді әлі күнге дейін шығарады.

Айта кетейік, әлемге танымал Уолл стрит, «Бостандық» есткерткіші, Таймс-сквер сияқты нысандар Нью-Йоркте орналасқан. Бұл нысандар да Нью-Йоркке туристтерді тартуға өз септігін тигізіп жатыр.

Уолл-стрит

Қазіргі Нью-Йорк қаласының шарықтап дамуы XIX ғасырдан басталады. Оған дейін бұл қала соғыс, бүлік, наразылық, көші-қон мәселелерін бастан кешірген. Қазіргі Уолл-стрит көшесі XIX ғасырда мүлде басқаша болған. Бастапқыда онда тек түрлі ғимараттар болған. Бұл көшеде Американың ең басты қор биржасы орналасқан. Биржа АҚШ-тың қаржы қуатының нышаны деп таныстырылады. Одан бөлек Уолл-стрит көшесінде бірнеше қоғамдық ғимарат та орналасқан. Оған қоса онда көне шіркеу мен танымал қоладан құйылған бұқа мүсіні бар.


© gulagu.net

Мүсін қаржы ауданының бейресми нышаны болып саналады. Бұл көшеде биік ғимараттар да орналасқан. Себебі көшенің ені тар. Оның ұзындығы бар-жоғы 1,1 шықырым. Негізі Америкада Уолл стриттен де басқа, «бесінші авеню» сынды танымал көшелері жеткілікті. Осылайша америкалықтар шағын көшелері арқылы жалпы бір қаланы танымал қылып отыр. Уолл-стрит туралы атақты актерлер түскен фильмдер қаншама. Сонымен қатар бұл көшенің танымалдығымен ілесетін Бродвей көшесін де айтуға болады. Ол керісінше Нью-Йорктің ең ұзын көшесі.

Биік ғимараттар

Нью-Йорк қаласы өзінің әсемдігімен әлем халықтарын қызықтырады. Нью-Йоркте аспанмен таласқан ғимараттардың саны жетерлік. Оған айғақ дүниежүзілік сауда орталығы — 1, оның биіктігі — 541 метр. Бұл сауда орталығы террорлық шабуылдан қираған дүниежүзілік сауда орталығының орнына салынған. Сондықтан бұл жер саяхаттаушылардың қызығушылығын екі есе артық оятады.


 Эмпайр-стейт-билдинг © pixabay.com

Сонымен қатар 1931 жылы салынған Эмпайр-стейт-билдингте Нью-Йорк қаласының ресми көрнекі ғимараттардың қатарына енген. Сонымен қатар Уиллис-тауэр, Америка банкі мұнарасы, Крайслер-билдинг зәулім үйлерінің де биіктігі жүздеген метрден асады. Мұндай биік орналасқан ғимараттар Нью-Йорк қаласының келбеті саналады. 

«Бостандық» ескерткіші

Біиктігі 46 метр «Бостандық» есткерткіші де Нью-Йоркте орналасқан. Әлемге әйгілі туынды АҚШ-тың ұлттық ескерткіші саналады. Мүсінде бір қолына шырақ, ал екінші қолына Американың декларациясын ұстап тұрған әйел бейнеленген.


© pxhere.com

«Бостандық» есткерткіші 1886 жылы Американың 100 жылдық тәуелсіздік мерейтойына арналып салынған. Басылымдарға сенсек, бұл ескерткішке жылына миллиондаған адам тамашалауға жиналады. Бұл ескерткіш те саяхаттаушылардың Нью-Йоркке ағылуына үлкен рөл атқарып жатыр. 

Таймс-сквер

Таймс-сквер әлемдегі адамдар ең көп баратын көрнекі орын. Онда түрлі театрлар шоғырланған. Бұл жерге шамамен жылына 50 миллион адам барады. Таймс-сквер тек Нью-Йорктің емес, жалпы АҚШ-тың басты нышаны. Бұл алаң бастауын XIX ғасырдан алады. Мұнда театрлардан бөлек, үлкен экрандар мен түрлі жарнамалар орналасқан. 


©planetofhotels.com

Сондай-ақ сауда орталықтары, танымал басылымдар, танымал брендтер осында жайғасқан. Бұл алаңның екінші атауы «әлем қиылысы». Сонымен қатар мұнда «Тюссо ханым» музейі де орналасқан. Онда 200-ден астам танымал тұлғалардың мүсіні бар. Саяхаттаушыларды қызықтыру үшін  мереке күндері мұнда түрлі шаралар ұйымдастырылады.  

Айта кетейік, жоғарыда таныстырылған ғимараттар мен көрнекі жерлер және алаңдардың барлығы АҚШ-тың фильмдерінде көрсетілген. Осылайша Американың айнасын сипаттайтын қаланы Голливудтың кез келген туындысынан көруге болады.


© weburg.net

Оған қоса ғимараттар мен көшелердің, алаңдардың бірнеше ғасырлық тарихы қалаға ерекше реңк береді. Жоғарыда көрсетілген көрнекі орындар мен ғимараттарды миллиондаған адам көруге асығады. Шетелдік басылымдар Нью-Йоркті америкалықтардың өмір сүру стилін насихаттайтын қала дейді.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями