Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Жаңа дәуір талабы

Дата: 23 мая 2019 в 15:52


Жаңа дәуір талабы

Конференция

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде «Жастар және ғылым: Бүгіні және болашағы» – «Жаһандану дәуіріндегі цифрландыру мәселесі» тақырыбында ІV халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 

Еуразия Инновациялық университеті (Қазақстан), Краков педагогикалық университеті (Польша), Гази университеті (Түркия), Тарас Шевченко атындағы Луган ұлттық университеті, Украинадағы ҰҒА өнеркәсіп экономикасы институты және Запорож Ұлттық университетімен (Украина) бірлесе ұйымдастырған шараға аталған жоғары оқу орындарының профессорлары, ғылыми қызметкерлері қатысты. Олардың қатарында тарих ғылымдарының докторы, Краков педагогикалық университетінің профессоры Хуберт Худзио мен ғылыми қызметкер Алисия Смигельски, Түркиядан келген PhD, Гази университетінің қауымдастырылған профессоры Мехмет Ариф Озербаш, т.б. ғалымдар бар.

Пленарлық мәжілісте сөз алған С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ректоры А.Агзамова жаңа жаһандық мүмкіндіктер мен сын-қатерлер жағдайында блім мен ғылым саласындағы цифрландыруды жүзеге асырудың маңыздылығы туралы сөз қозғады. Бұл тақырып секциялық жұмыстарда, дөңгелек үстелдер мен басқа да шараларда талқыланды.

— Жаһандану дәуірінде елдер, сол елдердегі ғылым мен білім қауымдастығы, ғалымдар бір-бірімен тығыз байланыста болғаны абзал. Себебі, бізде ортақ тарих бар. Мәселен, сонау екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қан майданның салқыны бәріне бірдей білінді. Осы сапарымда мен соғыс жылдары Қазақстанға қоныс аударған поляк ұлты өкілдерінің ұрпақтарымен сөйлестім. Осы тақырыпты бірнеше жылдан бері зерттеп келе жатырмын. Студенттерге оқыған лекциялар барысында осындай тарихи оқиғаларды зерттеп, оны цифрландыру кезінде кездесетін мәселелер төңірегінде ой бөлістік. Осыдан үш жыл бұрын Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің ғалымдары Краков педагогикалық университетіне келіп, ғылыми конференция өткізген едік. Сол мәжілістің қорытындысы ретінде екі оқу орны арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл жолғы басқосу — сол меморандумның жемісі, — дейді  Хуберт Худзио.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями