Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

1885 жас тегін кәсіптік-техникалық білім алып жүр

Дата: 21 мая 2019 в 11:12


Елімізде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту — 2017-2021» бағдарламасы аясында «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оқыту техникалық және технологиялық, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша жүргізіліп жатыр. Бүгінде осы бағдарламаға облыстан 16 оқу орны 38 біліктілік бойынша қатысуда.
Мамандықтар тізбесі еңбек нарығына қажетті салалар бойынша қарастырылды. Оның ішінде басты мамандықтар — ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі, аспаз, электргаздәнекерлеуші, слесарь, кондитер, т.б.
«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасының негізгі бағдары — өмірлік қиын жағдайға тап болған жастарды оқыту. Былтырғы және биылғы оқу жылдарында аталған бағдарлама бойынша 1885 оқушы білім алып жүр. Оның 45-і — жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар, 312-сі — белгілі бір себептермен кәсіби білім алмаған, өткен жылдардағы түлектер. Аз қамтылған отбасынан — 586, көпбалалы отбасынан шыққандар саны — 497, мүмкіндігі шектеулі азаматтар — 14 және 431 басқа да санаттағы жастар бар.
Аталған бағдарлама аясында білім алушыларды міндетті ыстық тамақ, шәкіртақы және жатақханамен қамту жолдары қарастырылған.
2019-2020 оқу жылына 1085 оқушыны қабылдау жоспарланып отыр. Осыған орай аудан әкімдерімен бірлесіп, бағдарламаны түсіндіру және үміткерлердің тізімін қалыптастыруды ұйымдастыру мақсатында әрбір елді мекенде мобильді топтар құрылды.
Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын жастарға білім беруді мобильді оқу орталықтары қамтамасыз етеді. Бұл кешенге білім беруге қажетті технологиялық жабдықтар мен жылжымалы көлік құралы кіреді. Мобильді оқу орталықтары облыстағы үш колледждің базасында орналасқан. Олар — Қандыағаш өнеркәсіптік — экономикалық колледжі, Қобда көпсалалы колледжі және Хромтау тау-кен техникалық колледжі.
2017-2018 оқу жылы аталған мобильді оқу орталықтарында 514 адам оқытылды.

А.ҚАЛДЫБЕК.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями