Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Облыс басшысы «Аман Мұнай» ЖШС компаниясының өкілдерін қабылдады

Дата: 18 мая 2019 в 04:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Аман Мұнай» ЖШС компаниясының  өкілдерін қабылдады. Жиынға «Аман Мұнай» ЖШС бас директоры Валентин Иванов пен директордың бірінші орынбасары Мейірбек Қыдыров және филиал басшысы Рахымжан Арисланов қатысты.

Кездесу кезінде компанияның алдағы жұмыстары мен даму стратегиясы жайында сөз болды. Компания басшысы Валентин Иванов жаңадан тәжірибелі  мамандарды жинап, дүниежүзіндегі, атап айтқанда Солтүстік Америкадағы  кен орындарын өңдеудің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін қолдану мақсатымен бөлісті. Облыс басшысы мұнай өндіру, геологиялық барлау жұмыстарымен айналысатын компанияға бірқатар міндеттер жүктеді.

«Заманауи талапқа сай келетін және өнім көзін арттыратын жаңа технологияларды қолдана отырып жұмысқа ерекше назар аудару қажет. Жергілікті жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтып, олардың айлық-жалақысын барынша арттыру керек. Болашақта  жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілетініне сенімдімін», — деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями