Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Салауатты қала» бағдарламасы жүзеге асырылады

Дата: 18 мая 2019 в 04:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі  Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының жұқпалы аурулармен күрес департаментінің директоры Жұмабек Бекеновті қабылдады.

Жиынға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов пен облыстық денсаулық  сақтау, білім, кәсіпкерлік, жастар ісі жөніндегі бірқатар басқарма басшылары қатысты.

Жұмабек Бекенов облыс басшысына Дүнижүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық «Салауатты қала» халықаралық бағдарламасын Ақтөбе қаласында жүзеге асыру  бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, қауіпсіз жол, дұрыс тамақтану, денсаулық мектептері сынды бірнеше бағытта жұмыстар жасауды ұсынды.

Облыс әкімі  ұсыныстар бойынша   жол картасын әзірлеуді, яғни нақты  жұмыс жоспарын құру қажеттігін айтты.

«Біз үшін азаматтардың  денсаулығы басты орында, салауатты өмір салтын ұстануда үздіксіз үгіт-насихат жұмыстарын жасау қажет, сондықтан да көтеріп отырған мәселелеріңіз орынды», — деді Оңдасын Оразалин.

Мамандар «Салауатты қала» халықаралық бағдарламасын Ақтөбе қаласында қалай жүзеге асыруға болатыны  туралы жоспар жасай бастады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями