Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Жас сарбаздар әскерге аттанды

Дата: 18 мая 2019 в 04:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы Орталық саябақта облыстан 55 сарбазды әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы Сейіткерім Арапбаев, сондай-ақ әскери сала қызметкерлері мен ардагерлер, жас сарбаздардың туыстары қатысты.

Мемлекеттік Гимнмен басталған салтанатты шарада М.Тоқжанов жас сарбаздарға сәттілік тілеп:

— Қазақстан Республикасы Конституциясындағы маңызды міндеттердің бірі —Отан алдындағы борышты өтеу. Бұл — әр азаматтың абыроймен атқаратын міндеті. Елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықтың орнауы, көк аспанымыздың жарқырауы — сіздерге байланысты.  Сіздер әскери міндетті адал орындау арқылы кейінгіге үлгі боласыздар. Әскери борышты өтеу — сіздер үшін үлкен сын. Сол сыннан сынбай, ел қауіпсіздігі үшін қызмет етіп, абыроймен оралатындарыңызға сенім мол, — деді.

Жыл басынан бері әскерге 1000-нан астам сарбаз аттанған. Бұл жолы әскерге аттанғалы тұрған 55 сарбаз  «Отар» стансасындағы ҚР Қарулы күштерінің оқу орталығында 6 ай оқып,  содан соң әскери бөлімшелерде мамандар ретінде Отан алдындағы борышын жалғастыратын болады.

— Жыл сайын облыстан 2 мыңнан астам сарбаз әскерге аттанады. Биыл өз еркімен әскерге аттануға ниет білдірушілер қатары көбейді. Жас сарбаздардың барлығы медициналық тексерістен және психологиялық тесттен сүрінбей өтті, — деді Сейіткерім Арапбаев.

Сондай-ақ,  салтанатты шарада әскери сала ардагерлері мен ата-аналар да сарбаздарға сәттілік тіледі.

Арайлым НҰРБАЕВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями