Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Үш тілді білген ұтады

Дата: 18 мая 2019 в 03:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Тілдарын-2019

 

Бейсенбі күні Ақтөбе қаласының әкімдігі және Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» қалалық тіл фестивалі аясында С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің мәжіліс залында үш тілді меңгерген қала жастарының арасында «Тілдарын» қалалық олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты — үш тілді, яғни қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және оларды қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту.

Аталған сайысқа 18-22 жас аралығындағы жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері, ағылшын және басқа да пәндердің оқытушылары, мектеп мұғалімдері қатысты.

Олимпиадаға қатысушылар берілген тақырыпқа сай эссе жазып, өз ойларын білдіріп, мәтінге ілеспе аударма жасады. Шараға қатысқан барлық жастар өз білімдерін көрсетіп, барынша шеберлік танытты.

Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтауда олардың тілдерді меңгеру деңгейіне, жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбыстауына, сондай-ақ эссе жазудағы сөз оралымы мен шеберлігіне қарап, баға берді.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 1-орынға лайықты қатысушы болмады. Ал ІІ орынды Ақтөбе гуманитарлық колледжінің 2-курс оқушысы Альбина Оңбай иеленсе, ІІІ орын Ақтөбе қаласындағы №60 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дамира Абдуахитоваға бұйырды.

Жеңімпаздар қала әкімінің атынан дипломдармен және сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ барлық қатысушыға Алғыс хаттар табысталды.

Данагүл ҚАЗИХАН.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями