Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ветеринарлық қауіпсіздікті сақтау маңызды

Дата: 16 мая 2019 в 11:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының басшысы Темірбек Нұртазиннің, ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанатбаевтың өңірдегі ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы есептерін тыңдады.

Ауыл шаруашылығы малдарын вакцинациялау және сәйкестендіру, ветеринарлық стансалардың, ет өңдейтін зауыттардың, мал соятын орындар мен алаңдардың жұмыстары, мал қорымының жұмыс жасауы жайында мәліметтер айтылды.

Жалпы, уақытында жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде облыс аумағында жыл басынан бері аса қауіпті аурулар тіркелмеген. Соның нәтижесінде осы жылдың соңына дейін 4 мың тонна етті экспорттау жоспарын орындау көзделіп отыр. Өткен жылы Ақтөбе облысында 2 500 тонна ет пен ет өнімдері экспортталған болатын.

Есептердің қорытындысы бойынша облыс әкімі басқарма басшыларына барлық бағыттар бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

«Қазіргі таңда облыстың ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бағдарлама аясында мал басымен қоса, оның өнімділігін, яғни мал шаруашылығын үдемелі дамыту шаралары қарастырылатын болады. Облыстың әрбір ауданы ірі тауарлы және жеке шаруа қожалығын дамытулары қажет. Бұл жерде ірі қара мал ауруының алдын алу бірінші кезекте тұруы тиіс. Бұл мәселені үнемі бақылауда ұстау керек», — деп атап көрсетті облыс басшысы.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями