Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Аналарға 2 пайызбен пәтер алудың тәртібі түсіндірілді

Дата: 16 мая 2019 в 11:42

Кеше Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов тұрмыстық жағдайы төмен, көмекке аса мұқтаж отбасындағы аналармен кездесіп, оларға жергілікті билік тарапынан қолдау көрсету шараларын түсіндірді. Кездесуге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының директоры Жеделбек Мырзағалиев, сондай-ақ қаладағы бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары мен «Қолғанат-Ақтөбе» қайырымдылық қорының өкілдері қатысты.

Ақтөбе қаласындағы «Халықтық кеңсе» ғимаратының конференц-залына жиналған қырыққа жуық ананың басындағы басты проблема — баспана. Сондықтан кездесу кезінде осы мәселені оңтайлы шешу үшін биыл маусымнан бастап іске асырылатын «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасының шарттары мен талаптары жан-жақты түсіндірілді.

— Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының ХVІІІ съезінде айтқан тапсырмасына сәйкес жұмыстанып жатырмыз. Ол үшін «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылмақ. Бұл бағдарламаға аз қамтылған көпбалалы отбасылар, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі және кәмелет жасына толмаған балалары бар толық емес отбасылар қатыса алады. Бұл жерде бір ескеретін жағдай, толық емес отбасы осы бағдарламаға қатысу үшін ажырасқандарына үш жыл толуы қажет. Осындай санатқа кіретін отбасыларға екі пайыздық несиемен үй алудың мүмкіндігі бар. Ол үшін банк салымшысының есепшотында пәтердің алғашқы жарнасы болуы қажет. Бүгінгі күні біз баспана мәселесінде көмекке өте мұқтаж кейбір отбасыларға демеушілердің қолдауымен пәтердің алғашқы жарнасын төлеуге жағдай жасап жатырмыз. Кәсіпкерлер өз қаражатын «Қолғанат-Ақтөбе» қорына аударды. Алайда қордағы қаражат қаладағы көмекке аса мұқтаж отбасылардың бәріне бірдей алғашқы жарнаны төлеуге жете бермейді. Сондықтан комиссияның шешімімен бұл мәселеде осындай топтағы отбасылардың жағдайына терең үңілетін боламыз. Осы мүмкіндікке қол жеткізуде қазір комиссияда кейбір отбасылардың бұған дейінгі алған несиелерін өтеп беруге де шешім қабылданып жатыр, — деді Ілияс Испанов.

Қала әкімінің айтуынша, 2 пайыздық жеңілдікпен үй беру ісі белгілі тәртіппен жүзеге асырылады.

Кездесу барысында банк басшысы Жеделбек Мырзағалиев аналарға «Бақытты отбасы» бағдарламасының талаптарын түсіндіріп берді. Оның айтуынша, салымшының атында үй болмауы керек, пәтердің алғашқы жарнасы төленуі шарт. Ең бастысы —  үміткердің атында мерзімі өткен несие болмауы керек. Сол сияқты жұмыс орнынан табысын растайтын құжат міндетті.

— Аталған бағдарлама бойынша ұсынылатын бір бөлмелі пәтердің жалпы ауданы — 45 шаршы метр. Бір бөлмелі пәтер үшін коммуналдық төлеммен қоса есептегенде ай сайынғы несиені өтеу құны шамамен 50 мың теңгені құрайды, — деді Ж.Мырзағалиев.

Көпбалалы ана Элмира Отарбаева қала әкімінен «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға ықпал етуін сұрады. Себебі, көпбалалы отбасының басында екі несие бар. 700 мың теңге көлеміндегі несиенің мерзімі өтіп кеткен, екіншісі де біршама кідірістен кейін төленіп жатыр.

— Мендегі басты проблема — баспана. Қазір бау-бақша ұжымындағы үйлердің бірін жалдап тұрамыз. Жолдасым сауда желілерінің бірінде қарапайым жұмысшы, айлығы — 80 мың теңге. Өзім бала күтімімен үйде отырмын. Банкте салымымыз жоқ. Атаулы әлеуметтік жәрдемақыға іліккеніме шүкірлік етемін. Баспаналы болудағы бар үмітім — 2 пайыздық несиемен берілетін үйге қол жеткізу. Осы бағдарламаға қатысуыма мүмкіндік болса деймін, — деген екі айлық сәбиін қолына көтерген Элмираға қала басшысы банктермен сөйлесіп, мәселені оңтайлы шешу жолдарын қарастыратынын айтты.

Кездесуге келген аналардың бірқатары атаулы әлеуметтік жәрдемақыға қол жеткізу мәселесін де көтерді.

Арайлым НҰРБАЕВА.  

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями