Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Баспана алу шарттары түсіндірілді

Дата: 16 мая 2019 в 11:32

Алғада аудан әкімдігінің және Nur Otan партиясының ұйымдастыруымен жергілікті тұрғындарға баспана алу жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың шарттары түсіндірілді. Алғалықтар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жүзеге асырылатын «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы «Бақытты отбасы» бағдарламасының да талаптарымен танысты.

Бұл шараға облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрлан Иманалин, Алға ауданының әкімі  Нағымжан Алдияров, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» облыстық филиалы басшылығы мен кеңесшілері, жергілікті басқару органдары өкілдері және 400-ге жуық аудан тұрғындары қатысты.

Тұрғындар көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасылар қатыса алатын «Бақытты отбасы» бағдарламасы туралы көптеген сұрақтар қойды.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Ақтөбе облыстық филиалы бизнесті дамыту бөлімінің 1-санатты маманы Мақсат Зайтовтың айтуынша, «Бақытты отбасына» қатысу үшін жоғарыда айтылған санаттағы азаматтар жергілікті атқарушы органда тұрғын үй кезегінде тұруы шарт және олардың меншігінде тұрғын үй тіркелмеген болуы керек.

— Бастапқы жарна — пәтер құнының 10 пайызына тең болуы керек. Несие 2 пайызбен 20 жылға беріледі. Басты шарт — отбасы аз қамтылған болуы тиіс, яғни, отбасының айлық жалақысы бір адамға шаққанда ең төменгі айлық көрсеткіштен аз болуы тиіс, яғни, бір адамға есептегенде 42500 теңгеден артық болмауы керек, — дейді ол.

Мәжіліс залының дәлізінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» кеңесшілері кеңес беру бекетін орнатып, тұрғындарды жеке-жеке қабылдады. Сондай-ақ, азаматтарға тегін депозиттер ашып берді.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями