Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ақтөбеде «Отбасын сақтау» орталығы ашылды

Дата: 16 мая 2019 в 11:32


Ақтөбеде «Отбасын сақтау» орталығы ашылды

Кеше «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру кешенінде «Отбасын сақтау» орталығы ашылды. Аталған орталық ҚР Жоғары Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында Ақтөбе қалалық сотының бастамасымен және Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен ашылып отыр.

Орталықтың ашылу салтанатында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева қоғамда үлгілі отбасылардың санын арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, ажырасу кезінде отбасына психологиялық көмек көрсетудің маңызы зор екенін, жаңадан жұмысын бастайтын орталық ерлі-зайыптылардың арасындағы дау-жанжал, түсініспеушілік мәселелерін қарап, оларға барынша көмек көрсететінін атап өтті.

Сондай-ақ шарада қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова, Ақтөбе қалалық сотының судьясы Айгүл Абдуллиналар сөз сөйлеп, орталық жұмысының тиімділігі неке бұзу процестерінің төмендеуіне, отбасын сақтауға, ең бастысы, кәмелет жасқа толмаған балалардың құқығын қорғауға және олардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне мүмкіндік беретінін жеткізді.

Айта кету керек, өткен жылдың 4 айында қала бойынша неке бұзуға 1002 талап арыз түссе, оның 442-сі шешім шығарумен, ал 254-і татуласумен аяқталған. Ал биылғы жылдың 4 айында 1264 талап арыз түссе, оның 403-іне шешім шығарылып, 518 іс екі тараптың татуласуына байланысты тоқтатылған. Өкінішке қарай, соңғы жылдары елімізде, оның ішінде облыс орталығында ажырасу деректері көбейген. Сондықтан мұндай орталықтың некені сақтап қалуда, ерлі-зайыптыларды татуластыруда, отбасы құндылықтарын дәріптеуде маңызы зор.

Негізінен, отбасын сақтап қалу көбіне судьяның қолынан келе бермейді. Судья өз тарапынан заң шеңберінде ғана шешім қабылдайды. Алдағы уақытта алгоритм бойынша сотқа келіп түскен арыздарды осы орталықта құрылған комиссия мүшелері қарап, некені сақтап қалуға барынша мүмкіншілік жасайды, — дейді Ақтөбе қалалық сотының судьясы Айгүл Абдуллина.

 Д.ТАУАНОВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями