Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Бос пәтерлерді брондау 31-іне дейін жалғасады

Дата: 16 мая 2019 в 11:22

14 мамырда «Нұр Ақтөбе» ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы берілетін үйлерден бос пәтерлерді брондау басталды. Тұрғындар 31 мамырға дейін өздеріне ұнаған бос пәтерді таңдап, таза әрлеудегі баспаналарға қол жеткізе алады.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бизнесті дамыту бөлімінің 1-санатты маманы Мақсат Зайтовтың айтуынша, барлығы 604 пәтер бар.

— Брондау «Нұр Ақтөбедегі» 3-шағын аудандағы №10, №12, №17 үйлердегі пәтерлер бойынша жүргізіледі. 1 бөлмелі пәтердің ең үлкен ауданы — 52 шаршы метр, бағасы 6 288 000 теңгеге дейін, 2 бөлмелі пәтердің ең үлкен ауданы  —

68 шаршы метр, бағасы — 9 113 850 теңгеге дейін, 3 бөлмелі пәтердің ең үлкен ауданы — 92 шаршы метр, бағасы 11 973 000 теңгеге дейін. Бұл үш үйде барлығы  276 — бір бөлмелі, 225 — екі бөлмелі және 103 — үш бөлмелі пәтерлер бар. Барлығы 604 пәтер. Алғашқы жарна 20 пайыздан басталады және несие бойынша жылдық мөлшерлеме 5 пайыз, — дейді ол.

Пәтерлерді брондау үшін банкте жинақ шотыңыз болуы керек. Брондау конкурссыз жүргізіледі, яғни, салымшылар өзіне ұнаған пәтерді таңдау үшін банкке келіп, өтініш береді.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями