Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды

Дата: 14 мая 2019 в 11:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

12 мамырда Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облыстық   қоғамдық қабылдау бөлмесі  Nur Otan ғимаратында өз жұмысын бастады.  

13 қалалық және аудандық штабтар да ашылып, оның жұмысына 500 ерікті жұмылдырылған  қоғамдық қабылдау бөлмелері 12 мамыр мен 7 маусым аралығында жұмыс жасайтын болады. Қабылдау бөлмесінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  сенімді өкілдері 13 мамырдан бастап  ақтөбелік азаматтарды қабылдай бастады. Үміткердің сенімді өкілдері бір айға жуық уақыт ішінде Президенттікке үміткердің Сайлауалды бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақтөбелік тұрғындардың арыз-шағымдарын, ұсыныстары мен тілектерін қабылдайды. Қабылдау уақыты дүйсенбі мен жұма аралығында,  сағат 10.00-ден 13.00-ге  дейін.  Бұл жерде  азаматтардың өтініштері арнайы журналда тіркеліп, келіп түскен бірде-бір хат назардан тыс қалмайды. Оған үш күн ішінде жауап берілуі тиіс.  Сонымен қатар  қоғамдық қабылдау бөлмесіне тіркелген арыз-шағым, ұсыныстар қажетті құзырлы мекемелерге жолданып, олар өз кезегінде  барлық хаттарға бес жұмыс күні ішінде жауап беруі тиіс.

Айта кету керек,  ҚР Президенттігіне үміткерлердің штабтары  үгіт-насихат жұмысын 11 мамырдан бастап кетті. Қ. Тоқаевтың  қоғамдық қабылдау бөлмесінің  меңгерушілері болып штаб мүшелері – Ақтөбе қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин, «ҚР Бейбітшілік және келісім кеңесі»  қоғамдық  бірлестігі  Ақтөбе облыстық филиалы  төрағасы, партия ардагері Келдібай Еспағамбетов, «Динар-Электромаш» ЖШС   басшысы Сергей Вишняк, Nur Otan  партиясы облыстық филиалы  қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Дархан Боранқұл бекітілді.

Осы күні  Nur Otan облыстық  ғимараты алдында «Жас Отан» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен  ҚР Президенттігіне үміткер Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын қолдау мақсатында жастар флешмоб ұйымдастырды.

                                                                       Баян СӘРСЕМБИНА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями