Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«AQTÓBE RUN-2019» ашық марафоны өтті

Дата: 14 мая 2019 в 11:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сенбі күні алғаш рет Ақтөбе шаһарында Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналып жеңіл атлетикадан «AQTÓBE RUN-2019» ашық республикалық марафоны өткізілді. Қаламыздың төрінде орын алған марафонның ерекшілігі, оған басқа аймақ тұрғындары мен мүмкіндігі шектеулі жандар да қатысуға мүмкіндік алды.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин спорттық жарысқа қатысушыларды құттықтады. Сондай-ақ, тұрғындарды салауатты өмір салтын насихаттауға шақырды.

«AQTÓBE RUN-2019» марафонының 500-ге жуық қатысушылары өңірдің орталық көшелерін 5 және 10 км шақырым бойынша жүгіріп өтті.

Дүбірлі дода барысында әртүрлі жас дәрежесіндегі спортшылар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Олар дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Бұл марафон биылғы жылдан бастап ҚР Х жазғы Универсиадасының бағдарламасына енгізіліп, Ақтөбе қаласында алғаш рет өткізіліп отыр. Ал жыл сайынғы дәстүрлі марафон 8 маусым күні өткізілмекші.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями