Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Биыл Ақтөбеде 1341 несиелік және 512 жалдамалы пәтер пайдалануға беріледі

Дата: 01 мая 2019 в 12:12

Облысқа жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Снежана Имашева, Бейбіт Мамраев, Қанат Мусин және Асылбек Смағұловтарға кеше Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында «Нұрлы жер» және «7-20-25» мемлекеттік бағдарламалары бойынша салынып жатқан көп қабатты үйлердің құрылысын таныстырды.

Депутаттар шағын ауданда құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан компания өкілдерімен, жұмысшылармен кездесті.

Халық қалаулыларының облысқа жасаған сапарларының негізгі мақсаты — жұмысшыларға биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысын, сондай-ақ заң шығару қызметі мен Nur Otan партиясының съезінде айтылған тапсырмаларды түсіндіру.

Бүгінгі күні «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында жеке үйлермен қатар, үш, төрт, бес және тоғыз қабатты несиелік үйлер бой көтеруде. І.Испановтың айтуынша, мұндағы тұрғын үйлер панель, кірпіш, газоблок сияқты материалдардан тұрғызылуда. Ресми мәліметтерге сүйенсек, биыл Ақтөбеде 1341 несиелік және көпбалалы, әлеуметтік жағынан осал отбасыларға арнап 512 жалдамалы пәтер пайдалануға беріледі.

— Қазір Мәжілісте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселесіне қатысты заң қаралып жатыр. Заң жобалары ашық түрде сайтқа салынды. Сондықтан әркімнің  өз ұсынысын беруіне мүмкіндігі бар. Құрылысты жүргізгенде ең бастысы — технология сақталуы қажет. Бүгінде тұрғын үйге сұраныс өте жоғары. Сондықтан заңды жетілдірмеуге болмайды. Біз өмірді заңға емес, заңды өмір үшін дайындауымыз қажет. Сіздердің тәжірибе жүзіндегі ақыл-кеңестеріңіз заң дайындау барысында бізге аса қажет, — деді Бейбіт Мамраев.

Құрылыс компаниясы өкілдерімен кездескеннен кейін депутаттар тұрғын үйлердің ішін аралап көрді.

Арайлым НҰРБАЕВА. 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями