Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Үш жылда 744 мың цифрлық қолтаңба рәсімделген

Дата: 30 апреля 2019 в 10:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық  филиалында соңғы үш жылда 4 миллионнан астам қызмет көрсетілген. Жоғарыда аталған мекеме өкілдері 3 жылдық жұмысының қорытындысы бойынша журналистерге өткізген брифингінде мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты жұмыстар, автокөлікті тіркеу, т.б. қатысты санайғақтарға тоқталды.

Ақтөбе қалалық №2 халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімінің басшысы Асхат Оразбаевтың сөзінше, 2017-2019 жылдары өңір тұрғындарына 4,6 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Соның 2 миллионға жуығын азаматтар «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы алыпты. Аталған мерзім ішінде облыста 744 мыңнан астам электрондық цифрлық қолтаңба берілгені және айтылды. Яғни күннен-күнге жұртшылықтың цифрлық сауаттылығы артып келе жатыр деген сөз.

— Бүгінгі таңда реестрде 752 мемлекеттік қызметтің 621-і мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі. Ал 506 қызметті электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Кез келген адам электрондық қызметтерді өз үйінен немесе «Connection Point» секторларынан өз бетінше ала алады, — деп атап өтті ол.

Сондай-ақ мемлекеттік корпорация жер учаскелерінің шекарасын белгілеу, елді мекендердің шекарасын өзгерту жобаларын әзірлеу сияқты мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге байланысты жұмыстарды атқарады. Жер кадастры басқармасының басшысы Бекзат Оразалин филиал қызметкерлері 3 жыл ішінде 1009 миллион гектардан астам жерге зерттеулер жүргізіп, карталардың электрондық нұсқасын жасағанын баян етті.

Өңірде 2015 жылдың желтоқсанында ашылған мамандандырылған ХҚО арқылы  235 мыңнан астам автокөлік тіркеліп, 68 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді. Осы орайда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында былтыр мекеме көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін ауыстыру бойынша онлайн сервистерді де іске қосқанын айта кету керек. Бұны egov.kz порталы арқылы жасауға болады. «Осы жылдың бірінші тоқсанында 1262 ақтөбелік жүргізуші куәлігіне тапсырысты онлайн арқылы берген», — деді филиал директорының орынбасары Ізбасар Орынбасаров.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үшінші тұлғалардың «Paper free» арқылы электрондық анықтамаларды сұрату сервистерін енгізгені белгілі. Ал өткен жылдан бері EgovKzBot Telegram ботының іске қосылуы да бұл тараптағы жұмысты біраз жеңілдеткен. Бұл — алдымен тұрғындардың уақытын үнемдеуге бірден-бір себепші.

Баспасөз жиынында облыстық филиалда 18 фронт-кеңсе, мамандандырылған халыққа қызмет орталығы, көші-қон қызметтері және цифрлық қызметтер орталығы жұмыс істейтіні, сондай-ақ, халықты зейнетақы және жәрдемақы төлемдерімен қамтамасыз ету бойынша 2 қалалық, 12 аудандық бөлімнің бары тілге тиек етілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями