Зауыт жұмысшылары партия съезінің шешімін қолдайды

Дата: 27 апреля 2019 в 10:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Зауыт жұмысшылары партия съезінің шешімін қолдайды

Бейсенбі күні Ақтөбе хром қосындылары зауытында Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезінің шешімін қолдау мақсатында еңбек ұжымының қатысуымен жиын өтті.

Бүгінде аталған кәсіпорында 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Зауыттан шығарылатын өнім АҚШ, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты әлемнің 31 еліне жөнелтіледі. Хром қосындылары өндірісін ұлғайту үшін білек сыбана қызмет етіп жүрген зауыт жұмысшылары алдағы науқанда өз таңдауын жасауға, белсенді болуға шақырды. Сондай-ақ партия съезінің шешімін қолдайтындықтарын жеткізді.

— Тәуелсіздік жылдарында Елбасымыздың бастамасымен экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Оның стратегиялық бастамалары мен сарабдал саясаткерлігінің арқасында көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол», «Назарбаев моделі» деп баға береді. Елбасының салған сара жолына әлемдік саясаткерлер, ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары.

Nur Otan партиясы Елбасы бастамаларын жүзеге асыруға белсенді түрде атсалысып келеді. Өздеріңіз білетіндей, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы биыл 9 маусымда өтетінін мәлімдеді.

Сайлау — аса маңызды саяси оқиға. Мемлекетіміздің келешегі біздің шешімімізге тікелей байланысты. Мен әріптестерімнің дұрыс таңдау жасайтынына сенемін, —  деді аталған зауыттың бөлім басшысы, бастауыш партия ұйымының төрағасы Әкімжан Боранқұлов.

Зауытта Nur Otan партиясының бастауыш партия ұйымы 2010 жылы құрылған. Қазіргі таңда құрамында 550 адам бар.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Поделитесь новостью с друзьями