Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Облыстың бас полицейі таныстырылды

Дата: 19 апреля 2019 в 11:12

Кеше өңірімізге жұмыс сапарымен келген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин жеке құрамға облыстық ішкі істер департаментінің жаңа басшысын таныстырды. Президент Әкімшілігінің келісімімен облыстық полиция департаментінің бастығы болып Атығай Арыстанов тағайындалды.

— Осында басшылық қызмет атқарған Махамбет Абисатовтың Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалғанын білесіздер. Оған Ақтөбеде атқарған жұмысы үшін алғыс айта отырып, жаңа қызметте табыс тілейміз. Ал Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы болып Атығай Арыстанов тағайындалады.

Атығай Ғазымбекұлы 1971 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қарағанды заң институтының магистратурасын бітірген.

Ішкі істер органдарында 1992 жылдың желтоқсан айынан бері әртүрлі қызметтер атқарды. Басшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі мол.

Әр жылдары Алматы қаласының полиция департаменті Бостандық ауданы полиция басқармасының бастығы, Қостанай облысының полиция департаменті  бастығының бірінші орынбасары, Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеді. Ал 2016 жылдың қыркүйек айынан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы болып қызмет атқарды. Бүгіннен бастап Ақтөбе облысында полиция департаментінің бастығы ретінде еңбек ететін болады, — деген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев оның ел Президентінің тапсырмасын орындау, облыстағы қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күресте азаматтардың құқығын қорғауға қажетті барлық шараларды жүзеге асыратынына сенім білдірді.

Артынша Махамбет Абисатов пен Атығай Арыстанов өздеріне артылған міндетті барынша адал атқаруға ант беріп, әріптестеріне артылған сенімі үшін ризашылығын білдірді. Кейіннен Оңдасын Сейілұлы атқарушы билік өкілдері атынан  облыстық ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысына өңірдегі қауіпсіздікті сақтауға қосқан үлесі үшін алғысын айтып, естелік сыйлықты тапсырды.

Жиын соңында облыс прокуроры, ардагер полицейлер сөз алып, кадрдегі ауыс-түйістердің оңды болуына тілектестігін білдірді.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями