Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Көрші облыстардың 749 тұрғыны Ақтөбеде тегін емделген

Дата: 11 апреля 2019 в 10:02

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ақтөбе облыстық филиалының мәліметінше, жыл басынан бері көрші облыстардың 749 тұрғыны Ақтөбеде емделген. Оның басым бөлігіне, яғни 464 адамға шұғыл көмек көрсетілген. Ал арнайы жоспар бойынша, Ақтөбеге емделуге келгендердің саны 140-қа жуықтайды.

— Биыл тегін медициналық көмек аясында 62 медициналық мекеме халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Соның ішінде 25 жеке емхана да бар. Айта кетерлігі, жергілікті медицинаның сапалы болуының арқасында, көрші облыстардың тұрғындары Ақтөбе өңірінде емделуге көптеп келуде, —  деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» облыстық  филиалының бөлім сарапшысы Айгүл Жанасаева.

Үш айдың ішінде Ақтөбе медицина орталығы өзге облыстан келген 50 адамды емдеген. Ал жеке емхана болғанымен, мемлекеттік тапсырыс аясында қызмет көрсететін «Дару» клиникасы 44 адамды тегін қабылдаған. Саны жағынан үшінші орында тұрған «Теміржол ауруханасы» 16 адамға қызмет көрсеткен.
Айта кетейік, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» — бұл қаржы операторы. Қазақстан Үкіметі бекіткен шеңбер аясында халық үшін медициналық көмек көлемін сатып алады және медициналық қызметтің сапасын бақылайды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті