Популярные темы

Димаштың жанкүйері Қобдаға келді

Дата: 11 апреля 2019 в 10:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Димаштың жанкүйері Қобдаға келді

Қазақ елінің мақтанышы Димаш Құдайбергеннің ирландиялық 76 жастағы жанкүйері Джун Маш Лазар Қобда ауданына келді.

Д.Құдайбергеннің 22 наурызда Ресей астанасы Мәскеуде өткен концертінен кейін ирландиялық турист Джун Маш Лазар Ақтөбеге, одан соң   «QAZAQTOURISM» туроператорлығының өкілдерімен бірге батырлар мекеніне  келіп, өлкеміздің тарихымен танысты. Бұрын сәнбике болған, әлемнің 50-ден астам еліне саяхат жасаған саяхатшы қазіргі уақытта ағылшын тілінен сабақ береді.

Алдымен Әлия ауылындағы «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығында болып, кейін Абат-Байтақ кесенесі мен Қыз әулие бейітіне барған ол мол әсерге бөлегенін жеткізді.

— Қобда өңірі туралы, Әлия Молдағұлова туралы бұрын да естігем. «Көп естігеннен, бір көрген артық» демекші, өз көзіммен көріп кетуді жөн санадым. Осындай шежіре тұнған, тарихы терең өңірді бұрын-соңды көрмеппін, — деді ол өз сөзінде.

Т.ҚАЗИЕВ.

 

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями