Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Биыл 23 ІТ класс ашылмақ

Дата: 11 апреля 2019 в 09:52

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрлық технологияларды қолдану арқылы оқыту процесін жетілдіру бағытында білім беру жүйесінде бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.

Білікті мамандарды даярлау үшін IT орталықтар және «1000 тегін ІТ класс» партиялық жобасы жастардың сандық сауаттылығын арттыруға зор мүмкіндік туғызып отыр. 

Осы мақсатта Nur Otan партиясының Ақтөбе облыстық филиалының жобасын іске асыру мақсатында өткен жылы облыс мектептерінде 3D модельдеу, сәулет, дизайн, анимация, web-сайт құру бағдарламалары бойынша білім беретін 25 ІТ класс ашылды, оның 9-ы Ақтөбе қаласында, 16-сы облыс аудандарында орналасқан.

Сондай-ақ, биыл қосымша 23 ІТ класс, 2020 жылы 25 ІТ кластың ашылуы жоспарланып отыр. Үш жылдың ішінде 25 мыңнан астам оқушы ақпараттық технология саласын меңгеріп, компьютерлік бағдарлама кешендерімен жұмыс жасауға мүмкіндік алатын болады.

ІT кластар 3D модельдеу, бағдарламалау, инженерлік графика, робототехника жиынтығымен толықтай жабдықталған. Компьютерлік сыныпта 8 жастан 16 жасқа дейінгі балалар осы бағдарлама кешендерімен жұмыс жасай алады. Оқушылардың бағдарлама кешендерімен жұмыс жасауда ұзақтығы 3 айлық курста толық меңгеруге мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан барлық өңірде жаңа оқу жылында ІТ лицей ашу жөнінде тапсырма берілген болатын. Осыған орай, Ақтөбе қаласында №72 орта мектебі ІТ мектеп-лицейі болып қолданысқа берілді. Бүгінде ІТ мектеп-лицейінде 900-ге жуық оқушы модельдеу және бағдарлау негіздеріне үйреніп, жаңа үлгідегі компьютерлерде ақпараттық технология саласын меңгеруде. Мектеп оқушылары Web сайттар ашып, жеке жобаларын қорғауды үйренсе, үздіктері республикалық, халықаралық ІТ стартаптарға қатысып, тың идеяларын дамытуға мүмкіндік алуда.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями