Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Мәжіліс депутатын қабылдады

Дата: 09 апреля 2019 в 10:52 Категория: Новости политики

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірімізге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаты,  «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығының төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Бақытбек Смағұлды қабылдады.

Кездесуде Бақытбек Смағұл облыс әкіміне Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісін табыстап, алдағы жұмысына сәттіліктер тіледі. Сондай-ақ, ол облыс басшысына өзінің өткен жылы жарыққа шыққан «Нұрсұлтан Назарбаев. Алтын ғасыр» атты кітабын тарту етті.

Кездесу барысындағы әңгіме облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, алдағы уақытқа жоспарланған істер төңірегінде болды.

— Өзіңізге белгілі, тәуелсіздік жылдарында еліміздегі тұрақтылық пен халықтың ауызбіршілігі қай салада да көптеген оңды өзгерістерге, үлкен жетістіктерге жол ашты. Ақтөбе — еліміздегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жоғары өңірлердің бірі. Бұл,  әрине, жылдар бойы жүргізілген үлкен жұмыстардың жемісі. Мысалы, шалғай аудандарға көгілдір отын апарылды, жолдар салынды, көптеген ауылдар таза ауызсумен қамтылды. Мұның бәрі тәуелсіздіктің, ынтымақ пен бейбітшіліктің арқасы екенін халық та біліп, айтып отыр. Өткен бір ай ішінде облыс аудандарын аралап, тұрғындармен кездесе жүріп, осыған куә болдым. Әрине, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында әлі де қыруар істер атқарылуы тиіс. Сіз де осы мақсатта көптеген игі шаруаға мұрындық болып келесіз. Әсіресе, ауған соғысы ардагерлеріне қатысты мәселелердің оң шешім табуына ықпал еттіңіз. Қарапайым тұрғындардың әлеуметтік жағдайына байланысты ұсыныстарыңызды қолдауға біз әрдайым әзірміз, — деді облыс басшысы Оңдасын Оразалин.

Өз кезегінде Бақытбек Смағұл біздің өңірде ауған соғысы ардагерлерінің жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне белсенді араласып жүргенін атап өтті.

— Қазір тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде түрлі діни секталар жастар үшін қауіп көзіне айналды. Бұған бәріміз де қатты алаңдаймыз. Мен осы мәселе бойынша өткен жылдары Ақтөбеде болып, жастармен кездесулерге, көптеген шараларға қатыстым. Жастарды спортқа баулу, қоғамдық істерге тарту, олардың білімге деген құштарлығын арттыру бағытында ақтөбелік ауған соғысы ардагерлері үлкен істер атқарып жатыр. Біз осындай істердің облыс басшылығы тарапынан қолдау таба беретініне сенеміз, — деді ол.

Бақытбек Смағұл өзінің «Нұрсұлтан Назарбаев. Алтын ғасыр» кітабының бірнеше данасын облыс кітапханаларына да табыстады.

Индира ЖАЙМАҒАМБЕТОВА.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями