Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Өзгеге өмір сыйла!

Дата: 04 апреля 2019 в 11:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Осындай ұранмен Ақтөбеде жалпы қалалық қан тапсыру акциясы өткізілді. Шараға ақтөбеліктер белсене қатысты. Акцияны қалалық әкімдік пен «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы ұйымдастырды.

Ақтөбе қаласы әкімі  Ілияс Испанов та акцияға өз үлесін қосты. Ақтөбеге келгелі үшінші рет қан тапсырып отырған қала әкімі тұрғындарды бұндай істен қалыс қалмауға шақырды.

Облыстық қан орталығында таңғы сағат 9.00-ден түскі сағат 12:00-ге дейін қан алынды. Әсіресе, жастар белсенділік танытты. Алғашқы кезекте 37 студенттен қан алынды. Орталық мамандарының мәліметінше, тәулігіне қан тапсыру үшін елуден аса адам келеді. Бірақ көпшілігі медициналық тексерулерден өте алмай кері қайтады. Қазіргі күні қорда күн сайын  200-250 доза эритроцит, 3 мың доза қан  плазмасы дайын тұрады.

Жалпы деректерге сүйенсек, әлемдегі әрбір үшінші адам —  біреудің қанына мұқтаж. Бұны күнделікті өмірден де байқауға  болады. Ауруханаларда жол-көлік апатына түсіп немесе өзге де сырқатқа шалдыққан науқастардың өмірі  бір тамшы қанға байланысты. Донор адам өмірін құтқарып қана қоймайды, өз денсаулығын да жақсартып отырады.  Қан алынған кезде ағза жаңарады. Тұрақты түрде қан тапсырып тұратын адамдар қан тапсырмайтындарға қарағанда инфарктпен 10 есеге сирек ауырады екен. Дегенмен қан тапсырудың да талабы бар. Ол үшін денсаулық мықты болуы керек.

Кәмшат ҚОПАЕВА. 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями