Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Жазушылар одағының төрағасын қабылдады

Дата: 18 марта 2019 в 10:32 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


«Жұма күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет Одақ төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов және ақын, «Жазушы» баспасының директоры Есенғали Раушановпен кездесті», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Оңдасын Сейілұлы келген қонақтарға өңірде руханиятқа қатысты атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтса, өз кезегінде сөз алған Ұлықбек Есдәулет Жазушылар одағының қызметі мен қолға алған жобалары жөнінде хабардар етті.

Сондай-ақ ол облыс әкімінен Одақтың Ақтөбедегі филиалын дамыту үшін жан-жақты қолдау көрсетуін сұрады.

Төрағаның барлық ұсыныс-пікірлерін тыңдаған облыс әкімі:

— Қоғамның рухани дамуы мен мемлекет экономикасының дамуы тығыз байланысты. Сіз айтқан ұсыныстар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында қойған тапсырмаларына сәйкес келеді. Біз олардың жүзеге асырылуын қолдаймыз, — деді.

Сондай-ақ кездесу барысында өңірде айтыс, жазушылар мен ақындардың шығармашылық байқауларын, басқа да мәдени-ағарту іс-шараларын өткізуді ұйымдастыратын «Асқақтаған Ақтөбе» кешенді жобасы таныстырылды.

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями