Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Облыста егіс алқабы 10 пайызға ұлғаяды

Дата: 13 марта 2019 в 11:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Облыста егіс алқабы 10 пайызға ұлғаяды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен кеңесте көктемгі егіс науқанына әзірлік мәселелері қаралды. Оған мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге, өңірдегі ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты.

Биылғы жылы облыста 805,1 мың гектар жерге егіс салу жоспарлануда. Өткен жылмен салыстырғанда егіс алқабы 10 пайызға немесе 51,4 мың гектарға ұлғайтылады. Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин хабарлағандай, дәнді дақылдарға жалпы егіс алқабының 56 пайызы немесе 451 мың гектары бөлінді.

Егіс науқанына ерте көктемгі дайындыққа байланысты қазіргі уақытта облыстың барлық аудандары мен Ақтөбе қаласы бұл шаруамен белсенді түрде шұғылдануда. Облыс бойынша қолда бар дәнді дақылдар тұқымы қорының 99,8 пайызы — бірінші және екінші класты таза сортты тұқымдар. Техниканы дайындау мен жанар-жағармай сатып алу жалғасуда. Биылғы жылы біздің облысқа 8,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Егіс салу науқанын толық аяқтау үшін осы мөлшер жеткілікті деп күтілуде.

Облыс әкімі баяндаманы таңдап, бірқатар тапсырмалар белгіледі, оның ішінде аграршыларды тыңайтқыштармен және гербицидпен қамтамасыз ету, суармалы алқаптарды одан әрі іске қосу және пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару мәселелері бар.

— Көктем ерте шыққалы тұр. Аз күн аумағында алқаптардағы ылғалды барынша сақтап қалу үшін шаруа қожалықтары барлық резервтерді, техника атаулыны пайдаланып, жұмысты жеделдетуі тиіс. Мұның өзі бір жағынан елді мекендерді далалықтан келетін ағын сулардан сақтап қалуға да жағдай жасайды — деді облыс басшысы.

Кеңесте тағы бір маңызды мәселе  — көктемгі су тасқынына әзірлік жайы қаралды.

Қазіргі уақытта облыс бойынша көктемгі су тасуы кезеңінде төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін азайту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру жалғасуда.

Су басып кетуін болдырмау мақсатында елді мекендерден 260 мың текше метр қар шығарылды. Ыдысқаптар, жанар-жағармай, инерттік материалдар қоры жасалды. Қаңтар айынан бастап Елек пен Қарғалы өзендерінің бассейндерін ай сайынғы маршруттық тексеру басталды. Бүгінде облыстағы үш ірі — Ақтөбе, Қарғалы, Сазды су қоймаларының толуы жартыдан төменгі деңгейде.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов: «Облыста тасқынға қарсы 13 штаб құрылды. 12 наурыз күнгі таңертеңгі жағдай бойынша олар 36 тапсырыс қабылдап, 13 700 текше метр суды сорды, инертті материалдар жеткізді», — деп есеп берді.

Тасқын қаупін жою мақсатында сондай-ақ Ақтөбедегі тасу қаупі бар өзендерді тазарту, тереңдету және жағалауын бекіту жұмыстары жалғасуда.

Облыс әкімі  ірі су қоймаларын толтыру жағдайын күн сайын бақылап отыруды талап етті.

Облыс әкімі: «Аудан әкімдері, сіздер көктемгі су тасқыны мен қар еру кезінде қандай жерлердің проблемалық күйде екенін жақсы білулеріңіз керек. Осы жерлерді жеке бақылауларыңызға алыңыздар. Арықтардың, су өткізу құрылымдарының уақытында әрі сапалы тазартылуын қадағалаңыздар. Бұл мәселелерге ерекше көңіл бөлген жөн. Ақтөбеде тасқынның алдын алуда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның ішінде қар шығаруда да. Бірақ, кейбір көшелердің тұрғындары әлеуметтік желілерде еріген судың жайылуын жазып шағымдануда. Азаматтардың осындай жазбаларына барынша жедел әрекет етіңіздер», — деген тапсырма берді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями