Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Құрметті де аяулы аналар, қадірлі қыз-келіншектер!

Дата: 08 марта 2019 в 15:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Көктемнің алғашқы мерекесі — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бүгінде адамзаттың әдемі бөлігі саналатын әйелдер қауымы ерлермен тең дәрежеде, әртүрлі салаларда жұмыс істеп, облыстың дамуына елеулі үлес қосып келеді.  Олардың кәсіпқойлығы мен жауапкершілігі өндірістік және әлеуметтік салада, басқару және бизнес бағытында жақсы жетістіктерге жетуге мүмкіндік беруде.

Біздің қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттік қызмет пен қоғамдық істе де, кәсіпкерлік пен тәлімгерлікте де тамаша табыстарға қол жеткізе отырып, саяси мәселелерге де белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша мән беріледі.

Мемлекет басшысы аналардың қоғамды нығайтуда және дамытуда, гүлденген отбасын құру, балаларды тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынына әрдайым баса назар аударады.

Nur Otan партиясының XVIII съезінде Елбасы тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту және қазақстандықтардың өмір сапасын көтеруге бағытталған бірқатар шараларды алға ұсынды. Әлеуметтік жағынан осал топтар мен көпбалалы аналарға қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінуде.

Қымбатты арулар, сіздердің қамқор көңілдеріңізбен жасалатын барлық игіліктер үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Бүгінгі мереке — ең алдымен, әйел-аналарға деген терең құрмет пен сүйіспеншіліктен тұрады.

Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт пен қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!

Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін!

Құрметпен,

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын ОРАЗАЛИН.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті