Құрметті аналар!

Дата: 07 марта 2019 в 20:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Құрметті аналар!

Бүкіл әлемде жыл сайын 8-наурыз көктем мерекесі аталып өтіледі. Бұл мереке қазіргі қоғамдағы әйелдердің көпқырлы рөлін айқын көрсетеді. Бір жағынан ол отбасы ошақ қасының сақтаушысы, ана және жұбай, екінші жағынан –жұмыста сенімді әріптес, саясаткер, бизнес-ханымы, ірі кәсіпорынның басшысы.

Мемлекет басшысы гендерлік саясат мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Ол тұрақты түрде әйелдер қауымымен кездесулер өткізіп,еліміздің дамуына қосқан үлестерін атап өтеді. Республикамызда отбасы құндылықтарын және қоғамдағы адамзаттың әдемі жаратылысының ерекше мәртебесін насихаттауға бағытталған Ана күні мен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы бекітілді. Аналар мемлекеттің ерекше қамқорлығына ие. Гендерлік саясат мәселелері Президент Әкімшілігінің жанындағы арнайы комиссияда тұрақты түрде қаралады.

Бұл мерекенің сот жүйесіне де маңыздылығы зор. Барша әлемде сот төрелігінің символы ретінде әйел азаматтардың болуы тегін емес. Казіргі таңда судьялар қауымдастығы мен сот қызметкерлерінің 60%-ы әйелдер болып табылады. Мүмкін, бұл әйелдер табиғатынан мұқият тыңдап, ұсақ-түйектің егжей-тегжейін зерделей алатын, ерекше шыдамдылықпен, әділдік сезімімен ерекшеленеді. Мұның барлығы адамдармен жұмыс істеудің және дауларды шешудің негізі болып табылады.

Біздің облыстық сот қауымдастығы да тыс қалған жоқ. Бұл мереке қарсаңында облыстық, қалалық,мамандандырылған соттардың және алқа төрағалары сот жүйесінде ұзақ жылдар қызмет атқарған жергілікті ардагерлер, отставкадағы судьяларды халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, адал еңбектері мен сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыстарын білдірді.

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Сәкен Абдолла отставкадағы судьялар мен сот жүйесі ардагерлеріне өз ризашылығын білдіре отырып, олардың жетістіктері, тәжірибесі мен даналығы, білімі, жас ұрпаққа үлгі-өнеге деп атап өтті. Төраға әділ жұмыстың жақтаушылары Райса Курмангалиева, Валентина Карпенко мен Зинаида Ургенишбаеваға барып, оларға естелік сыйлықтарды табыс етті.

Өз өмірінің 35 жылын заң үстемдігін қамтамасыз етуге арнаған 92 жастағы сот жүйесінің ардагері Курмангалиева Раиса облыстық соттың төрағасының «Ұзақ жыл өмір сүрудің құпиясы неде?» деген сұрағына «ар-ұятпен өмір сүру», – деп жауап беріп, «еліміздің болашақта дамуы мен гүлденуі үшін судьялар әлі де талай биік шыңдарды бағындырады», – деп сенім білдірді.

Құрметті әйелдер қауымы! Сіздерді облыстық сот қауымдастығы атынан көктем мерекесі 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Көктемнің осындай жайма шуақ күнінде сіздерге денсаулық, бақыт асыл-армандарыңыздың орындалуын тілейміз. Осындай мерекеде жаныңыздан жақындарыңыз табылып, мерекелік көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болуына тілектеспіз.

Ізгі тілекпен, Ақтөбе облысының соттар қауымдастығы

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также