Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ақтөбеде 4660 адам атаулы көмек алады

Дата: 01 марта 2019 в 12:12


Мақпал ТҰРМАҒАНБЕТОВА,

Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

«Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетудің нақты шаралары айтылды.

Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мүгедек балаларды асырап отырған ата-аналардың жәрдемақысын арттыруды тапсырды. Әрине, бұл мәселе халықтың көкейінде жүргені аян. Сол сияқты отбасында көп баласы бар жанұялар үшін әр балаға 21 мың теңге көлемінде мемлекеттен жәрдемақы беру мәселесі айтылды.

Елбасымыз өз сөзінде: «Үкіметке мүгедек балаларды асырап отырған ата-аналардың жәрдемақысын 30 пайызға көбейтуді тапсырамын. Біздің есебімізге сәйкес, осының арқасында 100 мың адамның жәрдемақысы өседі. Осы мақсатта 2019-2021 жылдары қосымша 300 миллиард теңгені бөліп беруіміз керек», — деді.

Қоғамда көмекке мұқтаж отбасыларға мемлекет тарапынан осындай қамқорлық пен қолдаудың көрсетіліп жатқанына ерекше қуаныштымын. Әрине, мұндай қолдаулар бұған дейін де көрсетіліп келді.

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласы бойынша 943 отбасы, барлығы 4660 адам адрестік әлеуметтік көмек алады. Облыс орталығында отбасында 4 баладан жоғары баласы бар 4168 адам тіркелген.

Енді Елбасы тапсырмасы бойынша жұмыстанатын боламыз. Мұның барлығы түптеп келгенде, еліміздің тәуелсіздік алған жылдардан бері аяққа тұрып, экономикамыздың шарықты дамуының кепілі әрі нәтижесінің жемісі деп түсінемін.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями