Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Жаңа өндіріс жобасы қаралды

Дата: 20 февраля 2019 в 10:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Kazakhstan Potash Corporation басқарушы директоры Лю Сенлинмен кездесу өткізіп, онда калий тыңайтқыштары өндірісі бойынша жобаны жаңғырту мәселесі талқыланды», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл жобаны жүзеге асырушы «Батыс Калий» ЖШС-КРС еншілес компаниясы соңғы төрт  жыл бойы келісімшарттық міндеттемелерін үздіксіз орындамай келеді. Сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы кен өндіру сәтінен қарастырылған өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға аударымдар жасамай отыр.

«Жобаны жүзеге асыру компания акционерлерінің ауысуына байланысты тоқтатылды. Қазіргі уақытта барлық проблемалық мәселелер шешілді. Біз қаржыландыруды бастау және жобаны жүзеге асыруды жеделдету міндетін мойнымызға аламыз», — деп сендірді Лю Сенлин.

Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру барысында Канадада, Германия мен Қытайда қолданылатын жаңа экологиялық таза технология қолданылатын болады.

Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев инвестордың назарын барлық келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына аударды.

«Бізге құрғақ уәденің қажеті жоқ. Нақты қаржыландырумен жұмыстың бекітілген кестесін ұсыныңыздар. Сонда ғана облыс әкімшілігі біздің еліміздің қолданыстағы заңдылығы аясында қолдау жасауға әзір», — деп сөзін тұжырымдады облыс басшысы.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті