Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Кәсіпкерлікті кеңейте түсеміз

Дата: 18 февраля 2019 в 10:22


Кәсіпкерлікті кеңейте түсеміз

Алтынбек МҰСТАФИН

Мен өзімнің зайыбым Гүлнұр екеуміз осыдан төрт жылдай бұрын Шұбарқұдық поселкесінен «АР-Амир» шағын сауда маркетін аштық. Бүгінгі күні тауар айналымын ұлғайтып, қызмет аясын кеңейттік. Соның нәтижесінде осы сауда үйінде 45 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Біз тұтынушыларды облыс орталығындағы бағамен бірдей деңгейде азық-түлікпен қамтамасыз етудеміз.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14,5 миллион теңге несие алып, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Шұбарқұдық-нан» наубайхана-кулинариясын іске қостық.

Аталған наубайхана-кулинария тәулігіне 2500 бөлке-нан өнімдерін және 250 килограмнан астам кулинариялық өнімдер шығарады. Қазіргі таңда наубайханада 27 адам жұмыс жасайды. Айлық жалақылары атқаратын қызметтеріне қарай 50 мың теңгеден бастап жоғарылайды.

Біздер сауда орнында өз бастамамызбен қайырымдылық сөресін жасадық. Мұнда аз қамтылған отбасылар әр жұма сайын азық-түлік түрлерін тегін алады. Сондай-ақ көпбалалы отбасылар тіршілігін де назарда ұстаймыз.

Біз күнделікті шаруамен тұйықталып қалмай, ауданда, облыста өтетін бизнес-форумдарға, семинар-кеңестерге қатысып тұрамыз. Қоғамдық шаралардан да қол үзбейміз.

Кәсіпкерлікпен шұғылданған соң бір орында тұрып қалуға болмайды деп есептеймін. Сондықтан да болашақта Қызылжар шағын ауданынан супермаркет ашуды жоспарлап отырмыз.

Қазір біздің облысымыз қарқынды даму үстінде. Мұны облыс басшысының есеп беру баяндамасынан да байқадық, көзіміз де көріп жүр.

Шаруаларын жаңадан бастаған жас кәсіпкерлерге айтарымыз — мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдаланып, бизнеспен айналысыңыздар. Сонда өздеріңіз де жақсы өмір сүресіздер, қоғамға да пайдаларыңыз тиеді.

Темір ауданы.  

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями