Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Тұрғындарға қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Дата: 08 февраля 2019 в 01:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Тұрғындарға қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Облыс әкімі өрт қауіпсіздігін бақылауды күшейтуді талап етті.

Бұл туралы Бердібек Сапарбаев жақында облыс әкімдігінде тиісті сала қызметкерлерінің басын қосып өткізген жиында айтқан болатын.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тексеріс кезінде пешпен жылытылып отырған және апатты жағдайдағы үйлерге ерекше назар аударылуы тиіс.

Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы «Ромашка» бау-бақша кооперативінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзушылықтарды анықтап, тұрғындарға түсіндіру мақсатында рейд жүргізді.

Рейд кезінде мамандар пешпен жабдықталған жеке үйлерде өрттің және газдан улану жағдайларының алдын алу жөнінде қарсы ұсынымдар таратты.  Сондай-ақ, олар тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмауды әрі үйден шығарда электр қондырғысын міндетті түрде өшіруді ескертті.

Жақында Ақтөбедегі жастар ресурстық орталығының еріктілері де өрт қауіпсіздігі турасында рейд жүргізген. Аталған орталықтың еріктілері өрт сөндірушілермен бірге «Абрикос», «ШЧ-5», «Химпласт» және «Вагонное депо» бау-бақша ұжымдарындағы үйлерге рейд жүргізді. Рейд кезінде үй иелеріне пештердің дұрыс жұмыс жасамауы және қауіпсіздік шаралары туралы ескертілді.

Тексеріс кезінде бірқатар саяжай учаскелерінде салынған үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелері өрескел бұзылған жағдайлар анықталды. Еріктілер мұндай деректерді құзырлы органдарға хабарлады.

 София ИБРАГИМОВА.

 

 

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями