Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Цифрлық Қазақстан» жастар көзімен» атты облыстық сурет байқауы

Дата: 08 февраля 2019 в 01:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


«Цифрлық Қазақстан» жастар көзімен» атты облыстық сурет байқауы

Жастар жылында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Цифрлық Қазақстан» жастар көзімен» тақырыбында үздік сурет байқауын ұйымдастырады.

Облыстық байқауға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Байқау өткізудегі мақсат— жастарға аталмыш бағдарламаны кеңінен таныстыру, жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту және бағдарламаны іске асыруға үлес қосу болып табылады.

Байқауғажеке өзінің жұмысыннемесе ұжым атынан да суреттер жолдауға болады. Жұмыстар әртүрлі көркемдік материалдармен А4 форматында ұсынылады. Конкурстық жұмыс қалың қағазда ұсынылуы керек.

Автордың аты-жөні суреттің артқы жағында көрсетілуі керек. Сурет мазмұны конкурстың тақырыбына («Цифрлық Қазақстан»: мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу, қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау, т.б.) сәйкес келуі тиіс. Байқау 2019 жылдың 20 ақпанындақорытындыланып, жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталады.

Өз жұмыстарыңыздыағымдағы жылдың 18 ақпанына дейін Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы, 40 (122-кабинет) мекенжайы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінежолдауларыңызды сұраймыз.

Телефон арқылы сұрақтар болса, 8(7132)55-09-42 нөміріне хабарласа аласыздар.

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями