Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Kaspi қызметкерлері көпбалалы аналардың митингіне қатысты деген ақпарат жалған

Дата: 07 февраля 2019 в 20:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта TengriNews

Kaspi қызметкерлері көпбалалы аналардың митингіне қатысты деген ақпарат жалған

Kaspi Bank қызметкерлері көпбалалы аналардың митингіне қатысты деген ақпарат жалған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, қазақстандықтардың мессенджерінде банк қызметкерлері көпбалалы аналардың митингіне қатысты делінген аудиохабарлама тарады.

Алайда банктің баспасөз қызметі бұл ақпараттың жалғанын екенін хабарлады. 

«WhatsApp-та тағы да жалған ақпарат тарауда. Бұл жолы Kaspi.kz өкілдері қатысыпты деген көпбалалы аналар митингі өткені туралы. Ақпараттың жалған екенін хабарлаймыз! Kaspi.kz қызметкерлері ешқандай кездесулерге қатысқан жоқ, ешқандай үндеумен клиенттерге хабарласқан жоқ», — дейді қаржы мекемесінің өкілдері.

Сондай-ақ, банктің жалған ақпарат тарату дерегі бойынша полицияға шағым түсіргені айтылады.

«Қазір құқық қорғау органдары тексеру жүрізуде. Еске саламыз, Қазақстанда жалған ақпаратты таратушыларға қылмыстық іс қарастырылған. 2014 және 2018 жылдары жалған ақпарат таратқан алаяқтар ұсталып, жазаланды. Мұны тағы да жалған ақпарат таратуға тырысқандардың есіне саламыз», — делінген банктің таратқан хабарламасында.