Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Kaspi Bank өкілдері «кредиттер кешіріледі» деген хабарламаға қатысты пікір білдірді

Дата: 07 февраля 2019 в 19:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Kaspi Bank өкілдері

Kaspi Bank өкілдері «кредиттер кешіріледі» деген хабарламаға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, қазақстандықтардың мессенджерінде банктің көпбалалы аналардың кредитін кешіріп жатқаны айтылған аудиохабарлама тарады.

«Сәлем, қыздар. Бүгін жақсы жаңалық бар, бүгін сағат онда әкімдіктің алдында митинг болды ғой бес баланың қазасы бойынша. Содан енді Kaspi Bank-тағылар бүкіл аналардың 300 мың теңге кредиттерін қиып жатыр. Оған жеке куәлік пен баланың туу туралы куәлігі керек. Өскеменде Крыловаға барасыңдар. Мен бүгін барып, соны алдырттым», — дейді белгісіз әйел таралып жатқан аудиода.

Алайда банктің баспасөз қызметі бұл ақпараттың жалғанын екенін хабарлады. 

«WhatsApp-та тағы да жалған ақпарат тарауда. Бұл жолы Kaspi.kz өкілдері қатысыпты деген көпбалалы аналар митингі өткені туралы. Ақпараттың жалған екенін хабарлаймыз! Kaspi.kz қызметкерлері ешқандай кездесулерге қатысқан жоқ, ешқандай үндеумен клиенттерге хабарласқан жоқ», — дейді қаржы мекемесінің өкілдері.

Сондай-ақ, банктің жалған ақпарат тарату дерегі бойынша полицияға шағым түсіргені айтылады.

«Қазір құқық қорғау органдары тексеру жүрізуде. Еске саламыз, Қазақстанда жалған ақпаратты таратушыларға қылмыстық іс қарастырылған. 2014 және 2018 жылдары жалған ақпарат таратқан алаяқтар ұсталып, жазаланды. Мұны тағы да жалған ақпарат таратуға тырысқандардың есіне саламыз», — делінген банктің таратқан хабарламасында.

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями