Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ұлттық ұланның мерейі

Дата: 16 января 2019 в 10:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Биыл ҚР Ұлттық ұланының құрылғанына 27 жыл толды. Құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға қызмет ететін әскери құрылымның атаулы мерекесін Ақтөбе қаласындағы Ұлттық ұланның 6655-әскери бөлімі де салтанатты түрде атап өтті.

Шарада қызмет барысында көзге түсіп, батылдық танытқан бірқатар әскери қызметшілерге құрмет көрсетіліп, Алғыс хаттар табысталды.

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония залында ұйымдастырылған салтанатты шараға Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ұшқын Мыңбаев, 6655-әскери бөлімінің командирі Мирас Тұрдалин, жеке құрам жауынгерлері қатысты.

Жеке құрамды айтулы күнімен құттықтап келген қала әкімінің бірінші орынбасары Ұшқын Мыңбаев Ұлттық ұланның қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мен қала тыныштығын сақтаудағы жұмыстарын аса жоғары жауапкершілікпен атқарып келе жатқан сарбаздарға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Салтанатты жиын барысында сөз алған 6655-әскери бөлімінің командирі, подполковник Мирас Тұрдалин еліміздің егемендік алған жылдары ішінде Ұлттық ұланның елмен бірге есейіп, талай өткелден сүрінбей өтіп, мемлекеттің тұрақтылығы мен ішкі тыныштығын қамтамасыз етуде маңызды, шешуші роль атқарып, алға қойған міндеттерді абыроймен атқарып келе жатқанын баса айтты.

—Осыдан 27 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен еліміздің құқықтық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орган — ішкі әскерлер құрылып, кейін оның атауы Ұлттық ұлан болып қайта өзгерді. Күнделікті өмірде Ұлттық ұлан Заңда көрсетілген бұйрықтар мен алдына қойылған тапсырмаларды нақты орындап келеді. Сондай-ақ біздің сарбаздар жауынгерлік қызметте де жоғары нәтиже көрсетіп, кәсіби шеберліктерін танытып келеді. Біздің сарбаздар халықтың алдында, Отан алдында өз міндеттерін қашанда атқаруға дайын, — деді ол.

Шара соңы сардарлар мен сарбаздар дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Сондай-ақ, тәуелсіз Қазақстанның құқықтық тәртіп әскерінің құрылуы мен қалыптасуы кезінде қызмет еткен ардагер офицерлер де арнайы шақырылып, оларға сый-құрмет көрсетілді.

Нияз СӘДУАҚАСОВ,

6655-әскери бөлімінің клуб бастығы,

аға лейтенант.

Читайте также