Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ардагерлер Елбасы көрмесін тамашалады

Дата: 14 января 2019 в 10:12

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі қор көрмесін Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов пен ардагерлер тамашалады.

Көрме қонақтарына Елбасы кітапханасының архив, кітапхана, музей қорларының материалдары, Н.Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей жинағы, әр елдің мемлекет басшылары және қазақстандық авторлар тарту еткен қолтаңбасы бар кітаптар, сондай-ақ Н.Назарбаевтың шет тілдерге аударылған еңбектері ұсынылды.

«Елбасы жолы», «Елбасы феномені», «Әлем таныған Елбасы» және «Елбасы мәртебесі — ел мәртебесі» атты төрт бөлімнен тұратын көрмеге келген ардагерлер өз пкірлерімен де бөлісті:

— Елбасының өмір жолы мен еңбек жолы, оның адам ретінде, азамат ретінде өсуі, дамуы, азаматтық келбетінің қалыптасуы, елдің болашағы үшін жасап жатқан еңбегі, өз ісіне деген жауапкершілігі мен табандылығы кейінгі буынға, жастарға үлгі боларлық. Бұл көрмені жастардың көбірек көргені дұрыс, себебі осындай мысалдар арқылы біз ұлттық патриотизмді, елге деген сүйіспеншілікті сіңіре аламыз. Бұл өз кезегінде рухы мықты, елі мен жерін сүйетін азаматтардың қатарын көбейтеді, ол біздің еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруіне септігін тигізеді. Сондықтан біз, ардагерлер, жастарға үлгі болу үшін көрмеге арнайы келдік, — дейді еңбек ардагері Еркін Құрманбеков.

Ардагерлер қала әкімімен бірге көрмені тамашалады. Олар, әсіресе, Н.Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей жинағының тұсында көп кідірді.

— Бұл музейді Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің басшысы Махмуд Қасымбековтің өзі келіп, ашып берді. Ақтөбе өңірінде көрме 20 қаңтарға дейін болады. Облыстық өлкетану музейінің жаңа ғимаратында орналасқан көрмені көруге келушілер өте көп, бүгінге дейін 100 мыңға жуық адам тамашалады. Көрменің есігі айқара ашық, барлығы тегін, мұндай деңгейдегі көрме көп келе бермейді, сондықтан өздеріңіздің отбасыларыңызбен, тума-туыстарыңызбен келіп, көріңіздер, — деді қала әкімі І.Испанов.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.