Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ақтөбелік дәрігерлер Гиннестің рекордтар кітабына енді

Дата: 09 января 2019 в 11:22 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Өткен жылы, яғни 5 шілде күні Астана қаласының жиырма жылдығына орай, Ақтөбенің Батыс-2 ауданындағы «Денсаулық» саябағында бес жүзден аса дәрігер бір сағатта  4272 адамның  артериалды қан қысымын өлшеген болатын. Тұрғындармен бірге шараға  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысқан еді.

Кеше таңертең Гиннестің рекордтар кітабының ресми сайтында аталған шараның кітапқа енгені жөнінде мәлімет жарияланыпты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев былай дейді:

— Шара өткеннен кейін кітаптың Англиядағы штаб пәтеріне хабарласып, бірнеше құжаттар жібердік. Олар бізге қайта хабарласты. Осылайша үнемі байланысып отырдық. Олардың арнайы комиссиясы қарады, тексерді. Кеше таңертең кітаптың ресми сайтында дәрігерлердің жұмысы кітапқа енгендігі жөнінде сертификат ілінген. Бұл біз үшін қуанышты жаңалық болды. Себебі бұндай жаңалық облыс медицинасының тарихында бірінші рет болып отыр. Жалпы, қан қысымын өлшеудегі негізгі мақсат — Гиннестің рекордтар кітабына ену және осы арқылы артериалды қан қысымы ауруына тұрғындардың назарын аударту, аурудың алдын алуға үндеу.

Жалпы бұған дейін 2015 жылы үндістандық дәрігерлер 3600 адамның қан қысымын өлшеп рекордтар кітабына енген. Ал оны ақтөбелік дәрігерлер жаңартып отыр.

Кәмшат ҚОПАЕВА.